Махамбет ауданы – «жасыл аймақта»

Облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 19 желтоқсандағы №71 қаулысына сәйкес үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де орындарда іс-шара өткізуге тыйым салынған.

Махамбет ауданы – COVID-19 инфекциясы эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша «жасыл аймақта».

2021 жылдың қаңтар айында ауданда 11 коронавирустық инфекция жағдайы, оның ішінде Махамбет ауылынан-9, Алға ауылынан-1, Ақтоғай ауылынан-1 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта 2 адам стационарда ем қабылдауда.

Облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 19 желтоқсандағы №71 қаулысына сәйкес үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де орындарда іс-шара өткізуге тыйым салынған.

Сондай-ақ аудан тұрғындарына респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде:

- (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгінуге;

- қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда қоғамдық және демалуға арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерін киюге;

- 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға;

- аудан тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс береді.

«Аудан аумағында жеке және заңды тұлғалардың коронавирустық инфекцияның таралу қаупі туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық, шектеу іс-шараларының сақталуын бақылау үшін 12 мониторингтік топ құрылып,қызмет атқарып келеді. Мониторингтік топтар мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жедел өзара іс-қимылы мен қабылданатын іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында Үйлестіру орталығы болып айқындалған аудандық ауруханадан 2 жедел хабарлама түсіп, жұмыс жасалуда»,- дейді аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлшат Ажигалиева.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521