Махамбетте автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

Автокөлік өрті

Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, аудан орталығындағы автокөліктерді тоқтату арқылы рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Автокөліктердегі өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында өткен рейд барысында автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, өрт сөндіргіштері тексерілді. Барлық көлік жүргізушілерге «Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында жадынамалар таратылды. Рейд кезінде тоқтатылған кей автокөліктерде өрт сөндіргіштің жоқтығы анықталды. Көлік иелеріне ауызша ескерту жасалды.

4

Сонымен қатар рейдтік жұмыстар жеке тұрғын үй секторларында да жалғасты. Үгіт-насихат жұмысын жүргізушілер тұрғындарды түрлі төтенше жағдайлардан сақ болуға шақырды. Жеке тұрғын үй секторын аралап, тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелері мен жылу маусымында орын алатын өрттер туралы ақпараттарды үлестірді.

- Бүгін ауданымызда полиция бөлімімен бірлесе отырып тұрғын мен автокөліктегі өрт қауіпсіздігінің алдын алу бағытында түсінік жұмыстары жүруде. Үгіт-насихаттың басты мақсаты – өрт қауіпсіздігі талаптарының алдын алу. Ережелер түсіндіріліп, тұрғындарға жадынамалар таратылып жатыр. Көбінесе өрт оқиғалары электр желілерінің қысқа тұйықталуынан орын алуда. Жылыту беру маусымында аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз,- деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Рүстем Жақсылықұлы.

4

Айта кету керек, жыл басынан бері Махамбет ауданында 3 өрт оқиғасы тіркелді. Оның екеуі тұрғын үй секторында орын алса, бір көлік өртке оранды. Жүргізушілер автокөлікті дер кезінде техникалық бақылаудан өткізіп тұруды естен шығармағаны жөн. Бұл – өрт қауіпсіздігінің алдын алудың басты шарасы.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз