Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған волейболдан облыстық турнир өтті

3-5 ақпан күндері Махамбет Өтемісұлының  220 жылдығына орай волейболдан 2006-2007 жылы туған жасөспірім қыздар арасында облыстық ашық турнир өтті.

Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа 9 команда қатысты.

Тартысқа толы өткен турнирдің бірінші орнын Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жеңіп алды.

Екінші орын "Атырау балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" командасына бұйырса,  "Қаратон балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" командасы үшінші орынға ие болды.

"Үздік байланыстырушы" - Ақшолпан Оңғарбаева (Атырау балалар-жасөспірімдер спорт мектебі);

"Үздік шабуылшы" - Аружан Ардаққызы (Қаратон балалар-жасөспірімдер спорт мектебі);

"Үздік ойыншы" - Ақбота Изтелеуова (Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі).

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің кубок, медаль, дипломдарымен марапатталды.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз