Махамбет аудандық сотында Б.-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.
Б. автокөліктің басқару жүйесін игере алмай ауыл ішіндегі көше қиылысында орнатылған бағдаршам бағанына және «жаяу жүргінші» жол белгісіне соқтығысқан. Сондай-ақ, жолдың оң жақ жиегіндегі жазғы су құбырының бетон қақпағын бүлдірген. Сөйтіп, мекеменің мүліктеріне материалдық залал келтiрілген.
Сот отырысында Б. өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды әскер қатарында жүргендіктен өтей алмайтынын айтып, көлік басқару құқығынан айыруын сұрады. Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.