Махамбетте қарбыз науқаны басталды

Биылғы жаз табиғаттың тосын сыйымен басталып, шаруагерлерді біраз әуреге салды. Әйтсе де, күн қызуына  пісетін егістік алқаптарындағы бақша өнімдері  енді-енді бой көтеріп, қатар түзеп келе жатса, таңдайлық кәсіпкер Қуаныш Медеуовтің қарбыздары  жергілікті сауда орындарына жол тартты.

903684fa-0cfb-4879-be41-ed95609f1480

Ауданда  алғашқылардың бірі болып өнім жинап жатқан кәсіпкер биыл 6 гектар аумаққа қарбыз еккен. Бүгінде сырттан келген жеңсік астың  базардағы бағасы 1 келіге 140-150 теңге шамасында болса, «Медеуов К» шаруа қожалығының қарбыздарын 160 теңгеден өлшеніп сатылуда. Бастысы жергілікті өнімнің құрамында нитраты жоқ, таза. Ал, атыраулықтар сүйсініп, сұрап жейтін «Дастанның», «Дебдиеваның» қарбыз-қауындары да жақын күндерде дүкен сөрелеріне қойылатын болады.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз