Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Жаз мезгілі келісімен балалар жазғы демалысқа шығып, олардың бос уақыттары көбейді. Осы уақытта олар демалыстарын қызықты өткізгісі келеді. Әр түрлі балалар ойын алаңдарына, батуттарға,  су маңына, аттракциондарға, велосипедтерді, «гироскутерлерді», «сегвейлерді», балаларға арналған машиналарды және т.б. жалға беру пунктеріне барып ойнайды. Алайда, қызықты демалыс уақытында оқыс оқиғалардан балалардың денсаулығына зиян келуі немесе күтпеген жерден орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі әбден мүмкін. Бұндай оқиғалардың орын салу себептерін талдасақ, көпшілігі жасөспірімдердің ережені бұзғаннан, үлкендердің мас күйінде болуынан және балаларды қараусыз қалдыруынан болып отыр.

Махамбет ауданы көлемінде азаматтардың жаппай демалатын орындарына, ауыл тұрғындары көп шоғырданатын саябақтарда, азық-түлік дүкендері мен жарнама тақтайшаларын “Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында оқыс оқиғалардың алдын-алу және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы жадынамалар, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы туралы буклеттер ілініп, тұрғындар арасында  профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

92829f31-43dd-4189-9371-0196d9c73125

Демалушыларға «Судағы жүріс-тұрыс қағидасы» мен «Алғашқы көмек көрсету» туралы арнайы дәрістер өткізілді.

Суда жүзу кезіндегі негізгі ережелер:

- Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз;

- Қоршау белгілері қойылған жерлерде жүзуге болмайды;

- Суда жүзіп жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

-Суға кету жайында жалған белгі бермеңіз;

-Жүзіп бара жатқан катер, қайықтарға жақын бармаңыз;

-Суға биік өткелден, қайық пен катерлерден секіруге болмайды;

-Өзіңізге таныс емес жерге жүзіп бармаңыз;

-Мас күйінде суда жүзбеңіз.

Ювеналды полиция тобының инспекторлары әр күн сайын кешкі жасаққа шығып, қауіпсіздік шараларын сақтау туралы профилактикалық жұмыстарын жалғастырады.

 

Ж.Ділмағамбетова,

Махамбет АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны      

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT