«Махамбет» командасы – чемпион

6-7 желтоқсан күндері Доссор кентінде 50 жастан асқан ардагерлер арасында облыстық футзал турнирі өтті. Дәстүрлі жарыс аудан орталығында футбол спортын қалыптастыруға зор үлес қосқан Сәрсен Мақайұлы Күншығаровтың рухына арналды.

Облыстың әр өңірінен келген 8 команда бақ сынаған тартысты турнирде Махамбет ауданының командасы ерекше жігері мен ұйымшылдығын танытып, барлық қарсыласынан басым түсіп, облыс чемпионы атанды. Екінші орынды «Құлсары» командасы иеленсе, үшінші орын турнир қожайындары «Доссор» командасына бұйырды. 

Жарыс қорытындысы бойынша жеке номинациялар иелері анықталды. Атап айтқанда, «Махамбет» командасының ойыншысы Ардақ Жанаев «Үздік ойыншы» аталымымен марапатталды. Сонымен қатар «Үздік қақпашы» – Абзал Бекенов (Жылыой ауданы), «Сұрмерген» – Алтай Байсұлтанов (Доссор), «Үздік қорғаушы» – Қазбек Аймаков (Мақат ауданы) атанды. 

Ардагерлер арасындағы мұндай турнирлер салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, футбол тарихына құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын нығайта түсетіні сөзсіз. 


Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT