Бір текше метр ауыз судың бағасы – 108 теңге!
Су бағасының бірден 3,5 есеге өсуіне бірден-бір себепті өткен жылдың тамызында Үкімет тарапынан субсидия берілмей қалғандығын алға тартқан Махамбет ауылдық округінің әкімі М.Баймишев алдағы уақытта бәрі қалпына келтіретіндігін айтады. Әзірге ауыл тұрғындары үйге тартылған суға 1500-2000 теңгеден төлеуге мәжбүр. Бұған дейін әр текше метріне 30 теңгеден төлеп келген махамбеттіктер тарифтың негізсіз өсіп кеткендігіне шағымдарын жеткізуде.
ТАРИФТІ КӨТЕРУ – ШАРАСЫЗДЫҚТАН ТУЫНДАҒАН ШЕШІМ
Үкіметтен субсидия берілмей қалғандықтан шығынғабатудың алдын алуды көздеген мердігер судың тарифынкөтеруден басқа жолын таппапты. Шығынға белшеденбатқан мекеме амалсыздан барлық жауапкершіліктенқұтылу үшін сенімгерліктен бас тартқан.
- Бұрын судың әр текше метріне ақша көп шықпайтын еді. Субсидияның берілмей немесе мердігердің оны ала алмай қалғандығына қарапайым халықтың қандай кінәсібар? Бір текше метр су «Ақшолан» мөлтекауданында 108 теңге, орталықта 74,18 теңге теңге. Қарап отырсаңыз, бірауылдың өзінде екі түрлі тариф,- дейді ауыл тұрғыныК.Әбілтаева.
- Судың бағасы неге қымбат? Табиғаттың ағын суы емеспе? Жер астынан шығарып, өндіріп жатқан ештеңелеріжоқ. Ауылдық округ әкімі осы жағдайды назарға алып, судың бағасын қадағалап, ретке келтірсе жақсы болареді,- депті ауыл тұрғыны Е.Жұмағалиев әлеуметтік желіде.
«Аудан орталығында екі су тазарту қондырғысыболғандықтан, оның қуаты, кететін шығындары да, қосылатын қоспалары да әр түрлі болуы себепті тарифтіңда түрліше болуы заңды»,- дейді жауаптылар. Электр қуатының, материалдардың, химиялық реагенттердіңбағаларының өсуі де тарифтің көтерілуіне себеп болады.
«БІРЕУ ТОЙЫП СЕКІРЕДІ, БІРЕУ ТОҢЫП СЕКІРЕДІ»
Өткен жылдың желтоқсан айында қоғамдық кеңестіңотырысы өтіп, ауыл тұрғындарын сумен қамтуды өзсенімгерлігіне «Шора» жеке кәсіпкерлігі алған болатын. Бұл жеке кәсіпкерлік Махамбет ауданының орталығынсанитарлық- тазалық жұмыстарын жүргізуші мекеме«Western Construction Team» ЖШС-нің бизнес-әріптесіболып табылады. «Шораның» жетекшісі өзге болғанмен, жұмыс барысы Ибатолла Бағытжанұлының бақылауында. Оның сөзінше, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастаптабиғи монополияларды реттеу департаментінеқұжаттарды тіркеу, сондай-ақ халыққа тиімді және өзін-өзіақтайтын судың тарифін бекітуге жұмыстануда.
- Қазіргі кезде халық ризашылығы үшін келешектесапалы су беру жоспарлануда. Жайықтың суын жағасынабарып, құйып алуға ешкім қарсы емес. Бірақ ол суды өзеннен қондырғыға тасымалдап, оны түрлі микробтарданзалалсыздандырып, тұндырып, әр үйге уақытылы келіптұруы үшін де кейбір шығындардың бар екенін түсінуімізкерек. Апаттық жағдайлардың алдын алуға, жұмсалатыншығын, жұмысшылардың көтермеленген жалақысынтөлеуге қажетті қаржы есептелу үстінде. Осы жұмыстартолық аяқталғаннан кейін тариф толықтай бекітілетінболады. Сол бойынша қаңтар, ақпан айларына төленетінсудың төлемін наурыз айында төлеуге мүмкіндікжасалады. Әзірге алғашқы екі айда жұмысшылартұрғындардың үйлеріне барып, түсінік жұмыстарынжүргізіп, есептегіш құрылғыдағы көрсеткіштерді жазыпотырады. Бұрынғы мердігердің қойған тарифіне жауапберуге құзырым жүрмейді. Бір айтатыным, осы жылы жаңатариф бекітіледі. Оның қазіргі бағадан төмен не жоғарыболатындығы әзірге белгісіз,- дейді мердігер.
Серіктестік басшысы кіріске қарағанда шығыстың көптігінжасырмайды. Бір айта кетерлігі, қысқы су желісін қосыпалғанмен тұтынғаны үшін төлем жасамайтындар да бары рас.
– Су тазарту қондырғысын толық іске қосу барысында газ, жарық пайдаланғанның өзіне миллион теңгенің үстіндеқаржы жұмсалады. Ауыл тұрғындары арасында судыңақшасын мүлдем төлемей жүргендер де, төлегісі келмей, «сараңдық» танытатындар да бар. Яғни, 1 текше метр суға 100 теңге бергісі келмейді, бірақ 19 литрлік суды 300 теңгеге сатып алып отырады. Біз де судың сапасынкөтеріп, халыққа 1000 литр суды 100 теңгеден сатудеңгейіне жеткіміз келеді. Халықтан аз ғана уақытсабырлық сақтап, су тазарту қондырғыларын сенімгерліккеалған жаңа ұжымға қолдау білдірулерін сұраймыз,- дейді«Western Construction Team» ЖШС директоры И.Бағытжанұлы.
ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРЫЛҒЫ ӘР ҮЙДЕ БОЛУЫ ҚАЖЕТ
Иә, ауызсу тарифін бекіту мәселесі қазір табиғимонополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғаудепартаментінде қаралып жатыр. О баста су тарататынкешенді ұстап тұру керек болған соң, тариф бағасы 108 теңге болып уақытша бекітілген. Тұрақты бағаны табиғимонополияларды реттеу департаменті бекіткенше осылайбола тұрады. Мердігер мекеме мемлекет тарапынанберілетін субсидияға іліксе, су бағасы реттеледі. Ал судыңақшасын есептеуге келгенде әділдік таныту үшін су есептегіш құрылғыны барлық үйде орнату қажеттігітуындайды.
- Әрбір үйден суға 1500-2000 теңге көлемінде ақша алу – «заманауи қарақшылық» деуге болады. Бір отбасыкөршісіне қарағанда суды көп пайдалануы мүмкін. Бұлстеоратипті түгелімен жоюымыз үшін, әділ болуы үшінәрбір үй су есептегіш құрылғыны қондыруы тиіс. Қондырған күннің өзінде берілген қағазды жоғалтпаукерек. Сол арқылы біздің мекеме тарапынан тексерістіңқашан жүргізілгенін анықтай аламыз. Есептегішқұрылғылар бес жыл сайын тексеріліп отырады,- дейдісеріктестік басшысы.
3600 ТЕҢГЕГЕ СУ ҚҰЙҒЫЗУ МҮМКІНДІГІ ТУДЫ
Су желісі тартылмаған көшенің тұрғындары амалсызданқұдығына су құйғызады. Ал оның бағасы «ұшып» тұр! Құдығыңызға су құйғызу үшін 4-5 мың теңгеңіздіжұмсайсыз. «Шұғыла-2» мөлтекауданының тұрғыныТ.Нигметовтың сөзінше 60 пәтерлікке жақын жерде тұрсада, су жүргізілмеген. Онымен қоса жол жоқ, көше жарығынжүргізгенмен оны да қоспай отырған көрінеді. Ал «Шаттық» мөлтекауданына қысқы су тұрмақ, жазғы су желісі жүргізілмеген.
Газетіміздің №3 санында «Ғарыштық баға қайданалынған?» тақырыбында ауыл тұрғыны Н.Жексенованыңпікірі жазылған болатын. Су тасушылардың «ауадан» бағаны алып, халықтың қалтасына ауыртпалық салыпотырғандығын айтқан-ды. Осы олқылықтың орнынтолтыру мақсатында «Western Construction Team» ЖШС ауылдық округ бойынша жеке тұлғаларға құдыққа су құйғызу ұйымдастырылатындығын жеткізді.
- Жеке меншік су тасушылардың бағаны көтеріпотырғандығы әрине кім-кімге де оңай соғып тұрмағаныанық. Сол себепті Махамбет және Сарытоғай ауылдарынаарнайы автокөлік шығаруды қолға алдық. Көлемі 8 текшеметр судың төлемақысы 3600 теңге болады,- дейдіИ.Бағытжанұлы.
САПАЛЫ СУ ПАЙДАЛАНУҒА КӨҢІЛ БӨЛГЕН ЖӨН
Халық саны 20-100 мың тұрғыны бар елдімекенде су тарату жүйесіне түсер алдында зерттелетін ауыз су сынамаларының мөлшері мен көрсеткіштерінің тізбесіаталған талап бойынша микробактериологиялық жәнеорганолептикалық көрсеткіштерге күнделікті, ал паразитологиялық зерттеу көрсеткішіне айына 1 ретзерттелуі тиіс. «Қазақстан Республикасында тексерулергежәне профилактикалық бақылау мен қадағалауды барыпжүргізуге мораторий енгізу туралы» ҚазақстанРеспубликасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығы негізінде кәсіпкерліктіқолдау мақсатында соңғы 2 жылда су тазартуқондырғыларының иесі микрокәсіпкерлер болғандықтантексерілмеген.
Дегенмен аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтумаңызды мәселе болғандықтан жеке кәсіпкерлер, жергілікті басқару органдары мен басқарма арасындаөзара ынтымақтастық негізінде меморандум жасалып, айына 1 рет су сапасын бақылау белгіленген.
- Сонымен қатар ашық су сапасы да бақылауға алынған. Ашық су көзі І категориялы Жайық өзені болып табылады. 2021 жылы жоспарлы санитариялық- химиялық зерттеуге51 сынама су алынып, 5-еуі мөлшерге сәйкес келмеді, микробиологиялық зерттеу барысында да сәйкессіздікболды. Тек паразитологиялық зерттеу кезінде ғанаанықталмады. Судың талапқа сәйкес келмеу көрсеткішікөктемгі су тасқыны кезінде тіркелді. Су көздерініңсанитарлық талапқа сай келуіне, сапалы су пайдалануғакөңіл аударғанымыз дұрыс,- дейді аудандық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманыС.Қабазова.
ТҮЙІН
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін коммуналдық төлемдердің тарифы көтерілмейтіндігін айтқан болатын. Тарифтердікөтеруге мораторий енгізілгенмен ауданда судыңтарифы әлі жоғары күйінде қалып отыр. «Судың да сұрауы бар» десек те, қарызданып жүріп өмір сүріпжүргендер үшін айына 1500, 2000 теңгеге төлем жасауқиындық келтіруі де ықтимал. «Халықты сапалы ауызсумен 24 сағат бойы қамту – басты жұмысымыз» деген мердігердің сөзіне сенсек, қазіргі «қисық» жүйені толықтай қалыпқа келтіру үшін кемі 1-1,5 жылқажет екен.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ