Аудандық әкімдікте: «Жобалар неге мерзімінде аяқталмайды?»

Аудандық әкімдікте аудан әкімі Р.Жанқылыштың төрағалығымен аппарат жиыны өтті.

Онда екі мәселе қаралды. Біріншісі, ауылдық округтер мен дербес бөлімдер арқылы 2021-2022 жылдары жасақталған жобалау-сметалық құжаттамалары және олардың проблемалық мәселелері. Екіншісі, аудан бойынша қысқы жылу маусымының өту барысы.

Бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Н.Биғалидың хабарламасы тыңдалды.

Алдымен дайын жобалар туралы баяндаған бөлімбасшысы Махамбет ауылынан №4 3 қабатты 60 пәтерлікжәне 3 қабатты 36 пәтерлік 3 тұрғын үй құрылысыныңжобасы туралы айтып өтті. Алғашқысының жобалаушысы«САЛА» ЖШС-і болса, соңғысыныкі «ЖайықСтройПроект» ЖШС-і. Жобаларда инженерлік инфрақұрылым (газ,су, электр, кәріз және жол) қарастырылмаған. Сол себептіосы көп қабатты үйлердің сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына мемлекеттік сатыпалуға ашық конкурс берілген. Конкурстың аяқталу мерзімі2022 жылдың 23 -ақпаны деп жоспарланған.

Хабарламашының мәлімдеуінше ауданда күрделіжөндеуді қажет ететін, жобасы дайын бірақ әзірге қаржыбөлінбей тұрған үш канал бар көрінеді. Олар «Есбол-Қазыбай», «Сборный», «Бақсай» каналдары. Каналдардың жобасы бойынша энергетика басқармасынақаржы бөлу туралы сұраныстар енгізілген. Бұған қосаЖалғансай ауылында жаяу жүргіншілер жолы бар кентішіндегі автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жобасынақұрылыс жұмыстарын бастау үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен 12 993,0 мың теңге қаралған. Қаржыбасқармасына мемлекеттік сатып алулар туралы конкурс жариялауға өтінім жолданған. Бөлінген қаржының аздықетіп тұрғаны баяндалып, облыс әкімінің орынбасарыН.Таушовтың атына қосымша қаржы бөлу туралы хат жолданғанымен мәселе шешімін таппаған. Ал Есболауылдық Еңбекшіл ауылындағы жазғы су желісініңқұрылысы мен су тазарту қондырғысына жүргізілген су желісінің құрылысы жобалары тек облыстық бюджет қаражатынан қаржыландыруды қажет етіп отыр.

2fdfcaf6-109e-4fb6-bc55-e623b2e5a601

Бөлім басшысы одан әрі аяқталмаған және мерзімі өтіпкеткен жобаларға тоқталды.

-Аяқталмай қалған жобалардың бірі Мерей және Шаттық мөлтек аудандарына ауылішілік желілер мен қоса сутазарту қондырғысының құрылысы жобасы. Жобалаушы «Қазақ ВодоКанал проект» АҚ-ы. Жобалаушыны жұмыстарды мәжбүрлеп орындату бойынша 2021 жылы қыркүйек айында экономикалық сот орындарына жолданып, сот шешімімен 2021 жылдың 10 қарашасына дейін аяқтау міндеттелген болатын. Алайда жеке сот орындаушысы А.Оспановтың тарапынан күні бүгінге дейін міндеттеу шарасы алынған жоқ. Сот орындаушысының ресми ақпараттары арқылы байланысқа шығу мүмкін болмай отыр. Жобалаушының ауызша хабарлауынша сәуір айында аяқталады. Сол сияқты Махамбет ауылынан 3 қабатты 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы да тұрып қалған жобалардың бірі. Жобалаушы «ЖайықСтройПроект» ЖШС. 2021 жылғы желтоқсан айында жобаны үш бөлікке бөліп, әрқайсысына бөлек сараптамадан өткізуге жолданған болатын. Алайда бірінші үйдің жобасы «АІМ Company» ЖШС-мен сараптамаға қабылданып, теріс қорытынды алынды. Жоба ескертулер бойынша қайта түзетіліп, мердігер мекеме есебінен сараптамаға қайта жолданды. Жоспар бойынша наурыз айында сараптама қорытындысы алынады. Қалған екі жобаға аудандық бюджеттен 2600,0 мың теңге қаралды. Алайда мемлекеттік сатып алулар заңнамаларынаөзгерістер енгізілуіне және жаңа бөлім қайта құрылуынабайланысты мемлекеттік сатып алу ашық конкурсқа 2022 жылдың қаңтар айында берілді. Конкурс қорытындысы2020 жылдың 22 ақпанында аяқталадыдеген Н.Биғалиаяқталмаған жобалардың қатарында Махамбет ауылыныңауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу, Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл, Есбол және Жалғансай ауылдарынажасанды төсенішімен ашық спорт алаңдарыныңқұрылысы, Ақтоғай ауылдық округі Бала Ораз, Атамбаевжәне Бақсай ауылдық округі Көздіқара, Есмахан елдімекендеріне су желісі құбырының құрылысы жобаларынатап өтті.

Ортақшыл ауылындағы 150 орындық дене шынықтырусауықтыру кешенінің құрылысы мен Махамбет ауылынанкәріз тазалау қондырғысының және ауылішілік кәрізжелілерінің құрылысы құрылыс басқармасы арқылыжасақталып жатыр. Бұл аталған жобалардан бөлек күнібүгінге іске асырылмастан мерзімі өткен 8 жоба бар екеніде тілге тиек етілді.

Ауылдық округ әкімдері өз ауылдары бойынша шешілмейжатқан мәселелерін атап өтті.

Одан әрі күн тәртібіндегі екінші мәселе аудан бойыншақысқы жылу маусымының өту барысы туралы баяндағанН.Биғали 2020-2021 жылы жоспарланған жұмыстар өздәрежесінде жүргізілгенімен,осы қысқы жылу беру кезеңінде от жағатын орындардың ондаған жылуқазандарының т.б құрал-жабдықтардың жұмысын тексерунәтижесінде көптеген проблемалық мәселелертуындағанын айтты.

-Атап айтар болсақ Махамбет ауылындағы №8 психологиялық-педогогикалық түзеу кабинетінің жылу қазандығы мекеме ғимаратында орналасқан. Таңдай ауылындағы Қ.Ахмедияров атындағы мектепте газ есептегіш құралы ауыстырылмаған, осы ауылдағы «Райхан гүлі» балабақшасының жылу қазандары мектептің ескі шеберханасында орналасқан. Ғимарат 1964 жылы салынған және апаттық жағдайда тұр. Жалғансай ауылындағы «Көктем гүлі» балабақшасының от жағатын ғимараты да талапқа сай келмейді. Қосарал, Алға, Ақжайық, Есбол орта мектептерінде және «Қарлығаш», «Балақай», «Арай» балабақшаларына қуаттылығы 125 кВт дизелді генераторлар қажет. Алға ауылындағымектептің де жылу орталығы бұрыңғы «Мұра» кооперативінің монша ғимаратында, мектептен 150 метр қашықтықта орналасқан және жылу желілері жер бетіменжүргізілген. Бұлардың барлығына алдағы уақытта бөлекғимарат салу қажетдеген хабарламашы аталғанпроблемалық мәселелерді хаттамаға енгізу арқылыоблыстық білім беру басқармасына жолдауды ұсынды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Р.Жанқылыш 2021 жасалған жобалардың мерзімі 3 жыл екенін ескеріп, тиянақты жұмыс жасап, уақытында аяқтауды, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысыЖ.Дияровқа хат жазып, міндетін атқармай жүрген мердігермәселесін шешуді, мерзімі өткен жобалардың ішіненқажеттілігі бар дегендерін іріктеп қайта қарауды, ал білімбөліміне қарасты мекемелердің мәселелерінің барлығынжинақтап, облыстық білім беру басқармасына хат жазыпқана қоймай, аяқтай барып шешуді тапсырды.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT