Махамбет ауданының тоғызқұмалақшылары республикалық жарысқа жолдама алды

Тоғызқұмалақ

3-5 ақпан күндері аралығында Атырау қаласында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан 15-17-19 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы облыстық жекелей біріншілігі өтті.

Тоғызқұмалақтың рапид және блиц түрлері бойынша өткен жарысқа Махамбет, Индер, Исатай, Жылыой аудандары мен Атырау қаласының спортшылары қатысты. Махамбеттік тоғызқұмалақшылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан табылды.

Әр жас ерекшеліктері бойынша рапидтен Диас Жексембай бірінші, Еркежан Әлиханқызы екінші, Айкен Есенжан, Асылай Мақсотова, Ерболат Бауыржанұлы, Әйгерім Сансызбай үшінші орынға ие болды.

Блицтен Ерболат Бауыржанұлы мен Диас Жексембай бірінші орынға ие болса, Айкен Есенжан, Армангүл Қуангерей, Әйгерім Сансызбай, Жансая Бауыржан үшінші орынды жеңіп алды.

Аталған жарыста жеңімпаз атанған спортшылар наурыз айында Тараз қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды.

Жаттықтырушылар: Гүлжан Маженова және Ерболат Алтыбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT