Махамбет ауданының әкімі Ж.Ахметов Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Жаратушымыз қасиетті мерекеде тілеген тілегімізді қабыл етіп, елімізді есеңгіреткен індетті жеңіп шығуымызды нәсіп еткей!

Қадірменді жерлестер! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан айт бейбітшілік пен бірлікті, мейірімділік пен адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелердің бірі. Елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, еліміз күн санап өркендеуде.

Айрандай ұйыған ұлт өкілдері арасында қалыптасқан достық пен келісімнің арқасында ауданымыздың мұсылман қауымы осында мекендейтін өзге дін өкілдерімен өзара бірлікте тату-тәтті өмір сүріп келе жатқандығын мақтан етуге болады.

Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кеңпейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады. Жаратушымыз қасиетті мерекеде тілеген тілегімізді қабыл етіп, елімізді есеңгіреткен індетті жеңіп шығуымызды нәсіп еткей!

Әр шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін барлық әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, әрбір отбасына бақыт, береке тілейміз. Құрбан айт құтты болсын!

Ж.АХМЕТОВ, аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521