Махамбет ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметінің жәй-күйі туралы

Махамбет ауданының жергілікті атқарушы органдарында штат бойынша 99, нақты 92 мемлекеттік қызметші қызмет атқарады, 7 бос орын бар.

Аудан бойынша 2023 жылы 23 мемлекеттік лауазымға конкурс жарияланды, оның ішінде 3 ішкі конкурс. Өткізілген конкурстық іріктеуге сәйкес 16 адам жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына тағайындалды.

Өткен жылы 26 мемлекеттік қызметші біліктілік арттыру семинарларынан, 7 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өтті.

 Гендерлік құрам бойынша 43 ер, 49 әйел қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 42,3 жылды құрап отыр. Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 11,5 жылды, өз қызметтеріндегі орташа еңбек өтілі 4,5 жылды құрайды. Қызметшілердің 97,5 пайызы жоғары білімді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT