Бала ойлау операциялары, заттардың формасы, шамасы, олардың кеңістікте орналасуы туралы білімді, тактильді сезімталдық сияқты қоршаған орта туралы негізгі мағлұматты ойын арқылы қабылдайды және дамытады. Баламен жұмыс істеу ойын ойнау, динамикалық, эмоционалды жағымды, баланы шаршатпайтындай және әр түрлі болуы керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады, оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару керек.
Қазіргі заман талабы әлемдік білім кеңістігіне өту үшін, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен, оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Ал бұл объективті түрде дәстүрлі және дәстүрлі емес ойын тәсілдері мен құралдарын іздестіруге итермелейді. Жаңартылған бағдарлама негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың заманауи дидактикалық ойындар арқылы креативті ойлау қабілетін арттыру, шығармашылыққа баулу, толыққанды саналы ойлайтын логикалық ой-өрісі кең тұлға қалыптастыру. Осындай инновациялық құралдардың бірі - Марблс тастары.
Марблс тастары эстетикалық тартымдылығымен қоса балаларда жаңа заманауи жоғарғы технологиялы ойыншықтарға деген қызығушылығын күшейтті. Марблс тастары бар ойындар – баланың физикалық және ақыл – ойын дамытады. Малбрс ойынын балалар психологтары жас ұрпақ үшін ең пайдалы деп санайды: ол дәлдікті, жылдамдықты, моториканы дамытады, ал әйнек тастардың әдемі реңктері балада сұлулық сезімін оятады. Баланың сенсорлық даму үшін қызықты, қолжетімді, табиғи және көп қырлы материал болып табылады.
Балалар тастармен ойнау арқылы жаңа нәрсе жасау, математиканы зерттеу, сөйлеу, шағын моториканы дамыту, қабылдау және логикалық ойлау тұрғысынан қолдану туралы тың ойлар пайда болады.
Ақмарал Бисешова,
«Алтын балық» бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі