Бақсайдың атағын аспандатқан атбегілер

Таңдай ауылының тумасы Орынбасар Фазылов – балаң шақтан ат жалын тартып мінген жігіт. Орынбасар кезінде әке жолын жалғастырып, «Бақсай» кеңшарының маңдайалды жылқышысы атанды.

Орекеңнің ел аузында айта жүрерлік тағы бір қыры –атбегілігі. Қандай ат бәйгесі болмасын Орынбасар бәйгеге тұлпар дайындап,оған оған ұлдарын да баулыған болатын Балалары осылайша әке жолын мықтап ұстанды. Талай-талай бәйгелерден жүлде алып, талайды тамсандырды. «Әке көрген оқ жонар» демекші енді атбегілік пен шабандоздық қасиет Орекеңнің балаларына ғана емес, немерелеріне де дарып келеді. Орекең мен балалары баптаған тұлпарлар аз емес. Атбегіліктің қыры мен сырын жете білетін Фазыловтардың бәйге десе делебелері қозып, қайткен күнде де бәйге басын бермеуге ынтазар.

828e2544-8878-4aaa-9a1b-e97386e3e627

Айта кету керек соңғы жылдары Таңдай ауылында ат спортына деген ықылас күшейіп келеді. Өткен жылдың ақпан айында Таңдай ауылында Жансейіт Бердештің бастауымен ұлттық ойынымыз «Көкпар» ұйымдастырылып,оған Қазақстанның жер жерінен ең тақымы мықты деген палуандар жиылып еді.Сол көкпар ойынында Жансейіттің жұлдызы жанды.

a96ececd-80a1-436a-a62f-e2b6ef42e020

Жақында Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы Атырау облыстық ұлттық спорт федерациясы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында теңге алу,жамбы ату, құсбегілік ,аударыспақ және бәйге мен көкпар ойындары бойынша жыл қорытындысымен «Алтын тұғыр» атты «Ұлттық спорт-ұлт қуаты» деген тақырыппен жүлдегерлерді марапаттау шарасы өткен болатын. Осы шарада бәйге номинациясы бойынша Еркін Орынбасарұлының «Көкжиек» атты тұлпары «Үздік Аламан аты» танылды.

7e75243a-5036-42de-873f-8f499dadccfb

Ағайынды Ербол мен Еркіннің балалары Ағатай мен Сейілхан «Үздік шабандоз» атағына ие болды. Ал көкпар ойыны бойынша ауылдасымыз Жансейіт Бердеш «Үздік көкпар шабуылшысы атағын иемденді. Атбегілікті атамұра санайтын азаматтарымызға әлі де ақ жол тілейміз. Бәйгелеріңіз олжалы бола берсін.

 

Кадыржан ҚАЗЫМБЕКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521