Махамбет ауданының тұрғындары Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылады

Сарытоғай мәдениет үйінде референдумға байланысты ауыл тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Самат Жайлашев бүкілхалықтық референдум өткелі отырғанын, Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін айтты.

- Тез арада Конституцияға өзгерістер енгізу көзделді. Онсыз референдумды жүзеге асыру мүмкін емес. Референдум 1995 жылы екі рет өтті, біріншісі сәуір айында Президент өкілеттігін ұзарту туралы, екіншісі, қазан айында жаңа Конституция қабылдау туралы референдум өтті. Міне, содан бері 27 жыл өткен екен. Бұрын Ата Заңда конституциялық кеңес болса, енді Конституциялық сот болады. Бұрын Есеп комитеті болса, енді аудиторлық палата жұмыс істемек. Олар инвестициялық қаражаттар, бюджет қаржысы қайда жұмсалды, соның есебін шығарады. Елдің болашағы үшін әр азамат референдумға қатысуы керек. Ең маңыздысы - халықтың дауысы, - деді С.Нұреденұлы.

Бұл жөнінде Махамбет ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасы Сатқали Майжанов да өз ойын ортаға салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521