Алаяқтан сақтан

Қазіргі уақытта қылмыстардың көп таралған түрлерінің бірі алаяқтық.

Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену.

Айта кету керек, алаяқтар азаматтардың сенімін теріс пайдалану мен алдаудың түрлі тәсілдеріне жүгінеді.

Яғни, алаяқтар жер учаскелерін, пәтерлерді, үлкен көлемдегі несиелерді алып беруге, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге, көлік жүргізу құқығын куәландыратын құжатты жасап беруге уәде береді.

Алаяқтық жағдайында ақша қол сұғушылықтың басты заты болып табылады.

Алаяқтық үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабымен қылмыстық жауаптылық көзделген, онда ең ауыр жаза ретінде мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған.

Статистикалық мәліметке жүгінсек Махамбет аудандық сотымен 2021 жылы осы санаттағы қылмыстық істер қаралмаса, 2022 жылдың 5 айында 2 қылмыстық іс қаралған, алайда ол екі іс Исатай ауданына қарасты соттылықпен келген.​ ​

Осы екі іс бойынша алаяқтықтың құрбаны болған жәбірленушілер бірі көлік жүргізу куәлігін алып беруге уәде беріп алдаған, ал екіншісі жұмысқа орналастыратын болып алдаған.

Алаяқтықтың мақсаты - бұл жеңіл табысқа оңай кенелу, пайдакүнемдік.

Адамдар кез-келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып кетуі мүмкін.

Сондықтан барынша қырағылық танытып, алаяқтарға алданбауға шақырамыз.

Сондай-ақ, кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар.

Алаяқтың арбауына берілмей, сергелдеңге түсуден сақтану өз қолыңызда.

 

​Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT