«Тұрмыс» іс-шарасы кезінде аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясына А.Л. есімді азаматшаны ата-аналық құқығынан айыруға ұсыныс жолданды.⠀
2011 жылдың тамыз айынан бастап Махамбет ауданы ПБ-де «жайсыз отбасы» санаты бойынша профилактикалық есебіне алынған А.Л. бүгінгі күнге дейін полиция қызметкерлерімен тексеріліп, қадағаланып келеді.⠀
Оның тарапынан бірнеше жыл қатарынан ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен, 440-бабымен, 434-бабымен құқықбұзушылықтар анықталып, жауапкершілікке тартылған, комиссия отырысында да алкогольдік ішімдікті жиі пайдаланғаны үшін бірнеше рет мінез-құлқы қаралып, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілді.⠀
А.Л жасөспірім баласының мінез-құлқына, тәрбиесіне теріс әсер ете отырып, оны күту, бағу және күтім жасау, оқыту сынды міндеттерін орындамай, жанұя тыныштығын бұзып, олардың өмір сүруіне және жан-жақты өсіп жетілуіне кері әсерін тигізіп, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілік тартылғандығын, тұрақты жұмыстан бас тартуын ескере отырып, комиссия мүшелерімен ата-аналық құқығынан айыруға дауыс беріліп, жинақталған іс құжатты Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотына жіберуге шешім шығарылды.⠀
⠀
Махамбет аудандық полиция бөлімі