Махамбет ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Бағытжан Жетпісұлы Қалиев Махамбет ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Б.Қалиев 04.01.1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Прокуратура саласындағы еңбек жолын 2004 жылы Мақат ауданы прокурорының көмекшісінен бастаған.

Әртүрлі уақытта Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Атырау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Атырау облысы прокурорының көмекшісі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы С.Есқараев атындағы Институтының бөлім аға прокуроры, Атырау облысы прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы, Мақат ауданының прокуроры  лауазымдарын атқарған.   

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 24.01.2022 жылғы №7/6 бұйрығымен Махамбет ауданы прокурорының лауазымына тағайындалды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз