Махамбет ауданының 4 азаматына қару сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Тіркелген қаруы бар азаматтардың заңнамаға сәйкес атыс қаруларды сақталуына тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабы 1 бөлігіне сәйкес, яғни қару сақтау тәртібін бұзғаны үшін төрт тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Қару иелеріне азаматтық атыс қаруларыңызды сақталуын және сақтау мен алып жүру рұқсат қағазының мерзімін бақылауға алуларыңызды сұраймыз.

07ecd576-d05c-43b2-9cdf-e2db7a3fd31b

Сонымен қатар, Атырау облысы тұрғындарының назарына оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында заңсыз айналымдағы, тіркелмей немесе құжатсыз қалып қойған қару мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды анықталған жағдайда өз еркімен полицияға тапсыруға болады. Өз еркімен тапсырған тұлға қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеміз.

 

Махамбет аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT