Махамбет ауданындағы қорғаныш бөгеттерінің жағдайы сын көтермейді

Қорғаныш бөгеттер

Аудандық әкімдікте өткен табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі комиссия отырысындағы аудандық ТЖБ-нің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Рүстем Жақсылықұлының баяндамасына тоқталсақ:

– Бүгінгі күні «Казгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, облыс аумағындағы өзен бассейндеріндегі ылғал қорының көлесі орташа айлық нормадан 25-30 пайызға төмен. Аудан аумағында 2023 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық, оны өткізу және ықтимал залалды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары аудан әкімімен бекітілген болатын. Қыс мезгілі аяқталып, көктем келіп күн жылынуымен қатар, «Жайық» өзені арнасынан тасыған жағдайда аудан аумағындағы елді мекендердің бірін су басу қауіпі бар екені баршамызға аян. Егер жойқын су тасқыны орын алған жағдайда аудан елді-мекендерінің басым бөлігі су астында қалу қауіпі төніп, жергілікті халықтың эвакуациялауға жататыны айдан анық. Осыған орай, әрбір ауылдық, елді мекендердегі халықты су тасқыны кезінде көшіру үшін тиісті орындар белгіленуі керек,-деп атап өтті аға инженер Р.Жақсылықов.

Сонымен қатар, ол өз баяндамасында су тасу қаупі қазір болмағанымен, су тасқынынан қорғайтын қорғаныш бөгеттерінің жағдайы төмен екендігін де айтты. Су тасқыны кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар, қапшықтар, ағаш қадалар, күректер т.б инертті материалдармен қоса, топырақ тасу орындары, арнайы техникалар және жанар-жағармай қорларының есептері де әрбір ауылдық округтерде қызмет барысында нақтыланып, үнемі дайындыққа келтірілуі қажеттігін ескертті.

Осыған дейін барлық ауылдық округтерге су тасу қаупі төнгенде ең қажетті құралдың бірі мотопомпа алынған. Алайда оның кейбіреуі мүлдем істен шығып та қалған. Комиссия отырысында соларды қайта түгендеп, жарамды, жарамсызын анықтау тапсырылды. Бұған дейін аудан әкімінің шешімімен құрылған құрамында 50 адамы бар шұғыл әрекет ету жасақтары да (құрамында: 1) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету командасы, 2) жедел медициналық қызмет көрсету бригадасы, 3) өрт сөндіру звеносы, 4) құтқару тобы, 5) техникалық топ және 6) байланыс звеносы) су тасқыны кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуге ең бірінші болып қызмет етуге міндеттелетіні де ашық айтылды.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521