Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосыла ма?

60 үй

2023 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі, жылу маусымы кезінде тұрғындарға қызмет көрсету сапасы және төтенше жағдайлардың алдын алу мен дайындық. Осы және өзге де мәселелер төңірегінде аудандық әкімдікте өткен табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі комиссия отырысында талқыланып, арнайы тапсырмалар берілді.

Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Нариман Биғалидың төрағалығымен өткізілген жиынға ауылдық округ әкімдері, барлық бөлім, мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде қаралған негізгі үш мәселенің бірі – аудан аумағындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда және тұрғын үйлердегі жылыту қазандықтарының жай-күйі, табиғи газден улану фактілерінің алдын-алу шаралары және газ және газбен жабдықтау саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган тарапынан газ-техникалық инспекцияның жұмыстарын жетілдіру қажеттілігі туралы.

Өңірдегі жалпы газ және газбен жабдықтау саласына жауапты «ҚазТрансГазАймақ» мекемесінің Махамбет аудандық филиалының басшысы А.Сапаров күн тәртібіндегі бірінші мәселе жөнінде баяндады.

– Жалпы ауданымызда 20 – елді мекеннің 18 елді – мекені табиғи газбен қамтылған. Күні бүгінде ауданымызда - 395 шақырым газ желісі бар, оның – 178 шақырымы жоғарғы қысымды, 71 - шақырымы орта қысымды, 146 - шақырымы төменгі қысымды газ желісі (подзем – 314 км, надзем – 80 км; П/Э – 288 км, Ст. – 106 км). Газ желілері мен газ жүйесіндегі газ құрылғыларына жоспарға сәйкес техникалық қызмет көрсетіліп, бақылау өлшеу аспаптары уақытылы тексеруден өткізілуде.

Жылу маусымы кезеңінде авариялық оқыс оқиға тіркелді. Жалпы жылу маусымы бірқалыпты жоспарға сәйкес ойдағыдай өтуде. Жыл басынан бері 44 өтініш келіп түсті, яғни утечка, жылу қазандығы жанбайды деген секілді. Өтініштердің барлығы тиісті деңгейде қанағаттандырылды. Өткен жылу маусымында, қараша айында жергілікті әкімшіліктерімен бірлесіп, ауылдық округтерде өрт қауіпсіздігі және ішкі газ жабдықтарын пайдалану тәртібі бойынша ауыл тұрғындарымен жиындар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп, кейін тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтары талқыланып, бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.

Сонымен қатар, өткен жылу маусымында, қаңтар айында аудан әкімінің демеушілігімен қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында аудандағы әлеуметтік аз қамтылған 71 отбасының үйіне газ шаруашылығы қызметкерлері мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп газ сигнализаторлары орнатылды. «Газ сигнализаторы» газ желісінде газ кету немесе угар болғанда газ ағымын автоматты түрде жауып тастайтын құрылғы. Көп жағдайда қауіп төндіретін бұл бұрыннан келе жатырған горелкасы бар қазақша пеш үйлер. Қазіргі таңда аудан бойынша осындай 1713 үй бар. Сонымен қатар қазіргі таңда проблемалық мәселе болып отырған аудандағы көп қабатты тұрғын үйлер. Ертеректе барлығы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып тұрды, қазіргі таңда орталықтандырылған жылу жүйесі болмаған соң көпшілігі автономды жылу қазандығын балкондарына заңсыз орнатып алған, оның ішінде – кейбіреулері пеш.

Мысалға, қазіргі таңда аудан орталығында осындай 153 пәтердің 25 пәтері орталықтандырылған жылу жүйесіне қолсылған болса, қалған 96 пәтер балконға автономды жылу қазандық орнатып алған, қалған 32 – пәтер оттық пеш. Осыған орай тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Махамбет ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу қажет деп пайымдаймыз. Жалпы мүмкіндік болса орталықтандырылған жылу қазандығы ғимаратын салу үшін сметалық құжаттама жасақтап, қаражатқа сұраныс берілсе,-деген ұсыныс білдірді мекеме басшысы.

Махамбет аудан бойынша күні бүгінде – 6 015 жеке тұлға, 300-ге жуық заңды тұлға, 145-ке жуық коммуналды – тұрмыстық тұтынушылар, яғни әр түрлі деңгейдегі мекемелер газ тұтынуда. Бұрын техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жауапты мекеме атқарса, 2012 жылғы 9 қаңтардан «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР-ның заңы қабылданып, республика аумағы бойынша «РЦКУ-Атырау» ЖШС құрылды (расчетный центр коммунальных услуг). Қазіргі таңда жеке секторлардың шоттарын тарату жәнегаз желісі мен ішкі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді келісім шартқа сәйкес осы аталған мекеме жүзеге асыруда.

Күні бүгінде жыл басынан бері биылға тек Махамбет ауылы бойынша – 124 тұрғын үй келісім шартқа отырды. Алайда, жиынға қатысушылар аталмыш мекеме тарапына халықтан жиі шағым түсетінін де атап өтті. Мұны А.Сапаров та жоққа шығармады, бірақ келісімшартқа отырмаған тұрғын үйлерге заң бойынша техникалық қызмет түрлері көрсетілмейтінін де айтты. Көп жағдайда тұрғындар қызмет құнын қымбат санайтынын да жасырмады. Жалпы республика көлемі бойынша табиғи газ үшін ең төменгі тариф – Атырау облысында. Мысалы, жеке тұлғалар үшін елімізде ең жоғарғы тариф Алматы облысында тіркелген. Бір текше метрге – 49,744 теңге болса, көршілес облыстарды, Ақтау, Ақтөбе, Оралда – 18,993 мен 10,507 теңге аралығында. Ал, Атырау облысында небары – 5,899 теңге.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT