Махамбет ауданындағы дәріханалар тексерілді

Дәрі-дәрмектің бағасын қадағалау мақсатында бірнеше бақылаушы органдардан құралған мобилдік топ құрылған болатын.

Елдегі қалыптасқан жағдайда дәрілік заттарға бағаны әдейі көтеру, сондай-ақ жасанды тапшылықтың пайда болуы байқала бастаған еді. Осыған орай, ауданымызда дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасын шарықтатпауды қадағалау мақсатында бірнеше бақылаушы органдардан құралған мобилдік топ құрылған болатын.

Құрамында «Атамекен» ҰКП аудандық филиалы, «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, кәсіпкерлік және туризм бөлімі мен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының өкілдері бар мобилдік топ аудан орталығындағы дәріханалардағы дәрі-дәрмек қорының жеткіліктігі, дәрілердің министрлік тарапынан бекіткен шектік бағадан асырмау жөнінде тексеріс жұмыстарын жүргізді. Рейдтік іс-шара барысында дәріханаларда бағаның әдейі көтеру фактісі анықталмады. Соған қарамастан, дәріхана сатушыларына дәріні шектік бағадан асырмау жөнінде ескертілді.

r

Айта кетейік, халықпен кері байланыс орнату үшін «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді. 8 775 166 5997 WhatsApp нөміріне азаматтар аудан дәріханаларындағы дәрі-дәрмектің бағасын көтеру фактілері бойынша фото және бейне материалдарды жібере алады. Азаматтардың жолдаған әрбір фактісі тексеріліп, бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз