Махамбет ауданында пневмониядан 10 адам қайтыс болды

Пневмонияның дәрігерлерге дейін жетуі аурухана үшін оңайға соғып отырған жоқ.

Соңғы аптада аудан тұрғындары тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке жиі жүгінуде. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталып отыр. Махамбет аудандық ауруханасы директорының уақытша міндетін атқарушы Елдос Кыдырсиховтың «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандағы өкілімен болған тікелей эфир барысында берген жауаптарына сүйенсек, алаңдауға негіз бар.

- Аудан бойынша 10 орындық провизорлық стационарға да, 30 орындық аурухананың терапия бөліміне де толықтай өкпе қабынуы (пневмония) диагнозымен науқастар жатқызылып, ем қабылдауда. Оның ішінде, 2-еуі ауыр халде болса, 1 адам өте ауыр халде жатқызылған. Науқастарға вирусқа қарсы дәрі-дәрмектермен емдеу жүргізілуде. Оның ішінде 2 адам толық емделіп, жазылып шықты. Егер ол адамдардан анализ алу барысында Covid-19-дың «оң нәтижелі» қорытындысы шықса, №2 облыстық ауруханаға немесе 100 орындық правизорлық стационарға жіберіледі,-дейді аудандық аурухананың бас дәрігері.

p

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22 маусымдағы №408 бұйрығына сәйкес жұмысқа, оқуға 086 медициналық анықтамасын беру, күндізгі ауруханада ем қабылдау, басқа да профилактикалық жұмыстар тоқтатылып, дәрігерлер тек қана коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған. Аталған бұйрық аясында дәрігерлерден құрылған мобильді топ үй бақылауындағы науқастарға барып, емдеу шарасын атқарады.

«Аудандағы ахуалға тоқталатын болсақ, 543 адам дәрігерлердің бақылауда. Оның ішінде 70 адам симптомсыз, 15 симптомды, 57 өкпе қабынуы (пневмония), 45 ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) , 19 ЖРА (жедел респираторлы аурулар) диагноздарымен дәрігерлердің бақылауына алынған. Өкінішке орай, күні бүгін 10 адам өкпе қабынуынан қайтыс болды. Ал, пневмонияның дәрігерлерге де жетуі – біз үшін оңайға соғып отырған жоқ. Бір қызметкеріміз ауыр халде ем алу үстінде. Науқастарды емдейтін дәрігерлеріміз жетіспей жатыр. Оның үстіне, жедел жәрдемді шақырушылар да көбейді. Сондықтан аудан тұрғындарынан сабырлық сақтап, дәрігерлердің жұмысына түсіністікпен қарауын сұраймыз»,- дейді Елдос Ерсайынұлы.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT