Махамбет ауданындағы 160 орындық спорт кешені қаңырап тұр

160 орындық спорт кешені

Облыс әкімі Серік Шәпкенов жұмыс сапары аясында Махамбет ауылындағы құрылысы аяқталған 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мердігер мекеме – «АқсайСтройСервис» ЖШС. Өткен жылдың мамыр айында пайдалануға берілгенімен, төбеден су ағып, электр желісі мен жылу жүйесінде ақау болған. Қазіргі таңда бұл кемшіліктер жойылды. Алайда ғимарат иесіз тұр. Облыстық спорт басқармасы нысанды қабылдамағандықтан, аудан теңгеріміне әлі алынбаған.

Аймақ басшысы Құрылыс басқармасына «Атырау-Жарық» АҚ-ның мамандарын шақырып, электр желілерін, жылу құбырларын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Құрылыс басқармасы мердігер мекемеден қабылдап алды. Сіздер күзет қойып, суын жіберіп, басқа жұмыстармен айналысуларыңыз керек еді. Өзімізге өзіміз жау сияқтымыз. Ешкімнің де жаны ашымайды. Бұл – сіздердің игіліктеріңіз үшін берілген нысан. Сондықтан басқарманың қабылдағанын күтпей-ақ, жұмыс істеудің орнына, мәселені одан сайын қиындатасыздар,- деді С.Шәпкенов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз