Атырауда ардагер журналистерге мемориалдық тақта орнатылды

Теңдік Жауыров

Бүгін Атырауда облыстық «Atyraý» газетінің екі мәрте бас редакторы, белгілі қаламгер, журналист Теңдік Жауыров пен «Егемен Қазақстан» газеттерінің бұрынғы қызметкері, фельетоншы, публицист Нури Муфтахтың құрметіне арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директоры Жасын Біркенов, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұрболат Елеусінов және ақпарат саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

-Қашан да баспасөздің қоғамдағы рөлі аса маңызды екені белгілі. Оның ішінде, мынау аймақтың тыныс-тіршілігін шежірелеп келе жатқан облыстық басылымдардың рөлі зор. Тура 100 жыл бұрын, сәуірдің 1 күні төл газетіміздің алғашқы номері шыққан болатын. Осы шараға орай бізде бүгін ардагер журналистерді құрметтеп, ұлықтайық деп Нури Муфтах және Теңдік Жауыров ағаларымыздың құрметіне өздері тұрған үйлеріне, ескерткіш тақтаны орнатқалы тұрмыз. Бұл да өскелең ұрпаққа ұлағатты іс болады деп қабылдарсыздар, – деді Ж.Біркенов.

Нури Муфтахқа арналған мемориалдык тақтаны  ашу құрметін «Атырау-Акпарат» ЖШС бас директоры Жасын Біркенов, қаламгердің досы Кабдырахим Жанбырбаев және інісі Амангелді Қуаналиевке ұсынылды.

Ал, Теңдік Жауыровқа арналған мемориалдық тақтаны ашу құрметі әріптесі Қадыр Жүсіп, «Атырау-Акпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Исатай Балмагамбетов пен қаламгердің інісі Орақ Жауыровқа жолданды. Салтанатты шара соңында ардагер журналистің достары мен бауырлары атынан Кабдырахим Жанбырбаев, Жұмабай Доспанов, Өтепберген Әлімгерейұлы, Қадыр Жүсіп, Орақ Жауыров, Исатай Балмағамбетов сөз сөйлеп естеліктерімен бөлісті.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT