Облыс әкімі Жайық жағасындағы су басу қаупі бар учаскелермен танысты

Жайық жағасындағы су басу қаупі бар учаскелер

Аймақ басшысы Талдыкөл және Бейбарыс ауылдарындағы Жайық өзені жағасындағы су басу қаупі бар учаскелермен танысты,деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Талдыкөл ауылындағы мәселені жедел шешу мақсатында жергілікті бюджеттен «Шұғыл шығындар» бағдарламасы арқылы қаржы бөлініп, мердігер анықталып, осы жылдың наурыз айында өз жұмысын бастап кетті. Жағалау ұзындығы - 1,5 шақырым. Қазіргі таңда жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Мердігер алдымен Жайық өзенінің ең қауіпті 70 метр жерін су өткізбейтін қапшықты топырақпен 4 метр биіктікке көтеру және 120 метр жерге табаны 3 метр бал соғу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы жұмыс сәуір айында толығымен аяқтау жоспарланған.

Серік Шәпкенов жауапты мамандарға Жайық суы деңгейінен көтерілмей тұрып жағалауды бекіту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT