Махамбет ауданында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында семинар өтті

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында Махамбет аудандық кітапханасында бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Л.Қуанышбаеваның ұйымдастыруымен "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында семинар өтті.

Семинарға полиция бөлімінің қызметкерлері, ауданның белсенді жастары, мектеп ұстаздары, әр саланың қызметкерлері қатысты. Спикерлер әйелдер мен жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсетудің себептері мен салдары, оның алдын алу бағытындағы жүргізіп жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер жайында теориялық-практикалық жағынан кеңінен түсінік берді.

Қатысушылар тарапынан сұрақтар, пікірлер мен ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, аудагдық кітапхана қызметкерлері отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында "Отбасы - алтын ұя" тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, таныстырды. Шара соңында акция кезінде белсенділік танытқандар бөлім бастығының "Алғыс хатымен" марапатталды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз