Қ.Қазымбекұлының «Жайықтың бойын жайлаған» атты кітабының таныстырылымы өтті

Аудандық орталық кітапханада кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Атырау облысына танымал қаламгер, Таңдай ауылдық мәдениет үйінің директоры  Қадыржан Қазымбекұлының «Жайықтың бойын жайлаған» атты кітабының  таныстырылымы өтті.

Шараны мәдениет саласының ардагері, қаламгердің замандасы Амангелді Есенғалиев жүргізді. Кітаптың таныстырылымына қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асылжан Қайырғалиев кітап авторын құттықтап, ізгі тілегін жолдады.  Өлкеміздің  тарихын терең  білу үшін оны зерттеп, жинақ қылып шығарып, елге таратудың маңыздылығын атап көрсетті.

352fe5d2-2348-4323-a1f5-d86d379d502b

Басқосуда  ардагерлер Қаршыға  Дүйішев, Мұқан  Дощанов, Сатқали  Майжанов,  кітапхана  қызметкері Күнсая Суханғалиева, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Орынгүл Ғарифуллина, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы Баян Сүйеуовалар жаңа жинақ туралы өз пікірлерін білдірді. Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Зада Енбаева кеш иесін құттықтап, кітапхана директорының алғыс хаты мен ескерткіш сыйлығын табыс етті. Қадыржан Қазымбекұлының «Жайықтың бойын жайлаған» кітабында Махамбет ауданының арғы-бергі тарихы сөз болады.

78c1b024-ed47-406c-8dd2-d002d03e8b74

Автор Жайық бойында туып-өскен тарихи тұлғалар, ауданның өсуі мен өркендеуі жолында елге адал қызмет еткен айтулы адамдар жайында әңгімелейді. Жинаққа сонымен қатар Махамбет ауданының бүгінгі келбеті туралы мағлұматтар мен ауылдың айтқыштарының әзіл әңгімелері де енгізілген.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT