Махамбет ауданында «Жарқыра» жобасының аясында семинар-тренинг өтті

Ауданда “Жарқыра” жобасының аясында  кәсіпкерлерге арналған семинар-тренинг өткізілді. Тренингке аудан кәсіпкелерімен қатар тұрғындар да қатысып, біраз пайдалы мағлұмат алды.

Аталмыш жиынның өтуіне ықпалдасқан аудандық кәсіпкерлер палатасы мен  ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі басшылығы мен мамандары бағыт-бағдар көрсетті. Осы орайда «Жарқыра» жобасына қызығушылық танытып, өз ұсыныстарын білдіруге ынталылар да болды.  Тренерлер Ирина Горбаченко , Асылханым Акмурова да «Жарқыраның» тиімді тұстарын ашып талдап, жіліктеп жеткізіп, ниеттілерді жобаға шақырды.

Жалпы «Жарқыра» жобасы Орта Азияны дамыту қоры «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен  жыл сайын жүзеге асырылып келеді.  Басты мақсат – облыс орталығы мен аудандардағы қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерін тұрақты кәсіпкерлік шешіммен қамтамасыз ететін әлеуметтік-инновациялық бастамаларды қолдау.

Ерекшелігі, «Жарқыра»  жасына қарай шектеу жасамай, әлеуметтік кәсіпкерлерге толық қолдау көрсетуді қарастырған. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші – іріктеу кезеңі, екінші кезеңде қатысушыларға арналған семинарлар мен тренигтер ұйымдастырылып, арнайы тағылымдамадан соң  бизнес-жобаларын қорғайды. Спикер ретінде басқа өңірлерден біліктілігі жоғары жаттықтырушылар да келеді. Үздік жобалардың авторлары қаржылай қолдаумен қатар пайызсыз несиеге қол жеткізеді. Жалпы ұйымдастырушылардың айтуынша, дәл осындай семинар-тренинг алдағы  10-11 наурыз күндері арылығында Атырау қаласында орыс тілінде, 12-13 наурызда қазақ тілінде өтсе, 15-16 наурызда  Құлсары қаласында жалғасатын болады.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT