Махамбет ауданында залалсыздандыру жұмыстары күшейді

Ауданымызда залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Махамбет ауданында залалсыздандыру жұмыстарын күшейту мақсатында Атырау қаласы мен Теңіз қалашығында жұмыс атқарып отырған "ПрофДезинфекция" ЖШС қолдау көрсетіп отыр.

d

 Бүгін олар Махамбет ауылындағы 60 пәтерлік көпқабатты үйлердің ауласы мен ойын алаңдарын залалсыздандыру жұмыстарын атқарды. Арнайы киіммен, техникалармен қамтылған бригада өз жұмысын тиянақты әрі уақтылы орындап отыр.

d

"Бригада құрамында 10 адам, 3 техника және 5 арнайы аппартымыз бар. Қазіргі таңда ауданға қарасты Бейбарыс, Талдыкөл, Сарайшық, Жалғансай, Бақсай ауылдық округтерінде залалсыздандыру жұмыстарын жасадық. Жайықтың арғы бетіндегі ауылдарға да жұмыстар жүргізуді жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы халықтың денсаулығы үшін жасалуда",- дейді серіктестік директоры, дәрігер-дезинфекционист Дариға Жолаева.

d

 Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT