Махамбет ауданында «Автобус» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде

Махамбет ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызметкерлері ағымдағы жылдың 21 ақпанынан бастап «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Аталған іс-шараның мақсаты автобус жүргізушілері арасында жолда жүру тәртібін арттыру, автобустардың техникалық жағдайын тексеру болып табылады. Сондай-ақ, «Автобус» жедел- профилактикалық іс-шарасының барысында патрульдік полиция тобының қызметкерлері жол-көлік тәртібін арттыру және жол жүру ережелерін сақтау бойынша жүргізушілермен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын өткізуде.

Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз