Махамбет ауданында үш айға созылған өнер фестивалі өз мәресіне жетті

«Өнерпаз» мәдениет үйінде балалар жылына байланысты ауданымызда өткен «Бақытты болсын, балалар!» фестивалі қорытындыланды.

О.Шонаев мектебінің бишілері «Қазақ» биімен ортаны толтырса, гала-концертті дәстүрлі әндерден «Ән шерумен» Д.Төленов атындағы мектеп-гимназия оқушылары ашты. «Ақжелең» домбырашылар ансамблі «Секіртпе» биімен жұртшылықты тәнті етті. Ақын С.Бердімұратовтың «Өз тілім» өлеңін Кәусар Жоламан мәнерлеп оқыса, ақжайықтық Фараби Қамбарұлы «Ауылым» әнін тамылжыта шырқады. Ал «Ма-ленькая страна» әнін Жайлашевтар халықтық отбасылық ансамблінің балғын әншісі Сабина Табиғаттың орындауында тыңдадық. Өнерпаздар Інжу мен Маржан Әдебиеттің «Тәтті-тәтті» әні де көрермендер көңілінен шықты. Жалғансай ауылының өнерпаздары «Бір күндік өмір» пантомимасын ұсынса, кішкентай әнші Фаризат Қайратқызы «Анашым» әнін шырқауымен көптің қошеметіне бөлінді. Саида Аманерқызы ксилофон аспабында «Гүл-Алматы» әнінің әуенін ойнады. «Еркем-ай» би тобы «Заманауи» биін билесе, квартет «Dinc manki» әнін орындады. Раяна Рүстем «Джентельмен» биімен көрінсе, Дана Ғасырбек «Тентегім» әнін шырқады. Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің балалар хоры «Туған жер» орындаса, трио «Балдәурен» әнімен гала-концерт те мәресіне жетті.

Фестивальді аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы А.Қайырғалиев қорытындылап, үш айға созылған өнер фестивалі екі кезеңнен тұрғанын, бірінде ауылдық округтер, екіншісінде ме¬кемелер өнер көрсеткенін айтып, алдымен мекеме-ұжымдарды марапаттады. Е.Ағелеуов мектебі Н.Жантурин атындағы жүлдеге ие болса, Д.Төленов атындағы мектеп- гимназиясы Қ.Ахмедияров атындағы жүлдені иемденді. Аудандық ауру¬хана І.Есқали атындағы жүлдеге, ал О.Шонаев мектебі М.Оңдағани атындағы жүлдені қанжығасына байлады. Аудандық З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебі күйші З.Ещанова жүлдесімен марапатталды.

Аудандық жастар ресурстық орталығы С.Бердімұратов атындағы жүлдені жеңіп алды. Округтерден Ақжайық, Есбол, Сарытоғай, Ортақшыл («Самал» м/ү), Талдыкөл мәдениет үйлері «Алғыс хатпен», 60 мың теңге байрақпен марапатталды. Жүлделі ІІІ дәрежелі дипломды және 80 мың теңге байрақты Алға, «Жас дәурен» (Бейбарыс) мәдениет үйлері иемденді. Жүлделі ІІ орынға Ақтоғай, «Шалқыма»(Жалғансай) мәдениет үйлері ие болып, 100 мың теңгелік байрақ алды. Жүлделі І орынның 130 мың теңгелік серти¬фикатына Бақсай мәдениет үйі, бас жүлдеге және 150 мың теңге сертификатына Сарайшық мәдениет үйі ие болды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521