Махамбет ауданында үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары артқан

Облыс көлемінде соңғы кездері үй жануарларының, соның ішінде сиыр, жылқы, түйе малдарының қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғаларының саны күрт өсіп отыр.

Алайда аталған жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Махамбет аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.Закариевтың нұсқауына сай бөлімнің патрульдік полиция инспекторлары аймақтарға бекітілген учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, елдімекен халқымен кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Иесіз үй жануарларының жайылымына жол берген жағдайда (ҚР ӘҚБтК 408 бабы) жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертілді.

Жыл басынан бері Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы мамандарымен бірлесіп жеке мал шаруашылығы иелеріне жарыққайтарғыш элементтердің тиімділігін насихаттау жұмыстары жүргізіліп, бөлімнің әлеуметтік желілерінде кеңінен таратылды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда. Атқарылған жұмыстарға қарамастан үй жануарларымен болатын жол көлік оқиғаларының саны азаймай отыр және жоғарыда айтылып кеткендей тәуліктің қараңғы уақытында жиі орын алуда. Салдарынан өздеріңіз білетіндей, адам өмірі мен денсаулығына, одан қала берді автокөлікке материалдық шығын келтіреді. Күз мезгілінде метеорологиялық жағдайлардың кұрт өзгеруі мүмкін.

Сондықтан автокөлік басқару кезінде жолда жүру ережесінің 10.1, 10.2 пунктінде көрсетілгендей, соның ішінде тәуліктің қараңғы уақытында үй жануарларымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін арттырмай, жол белгілері талаптарын орындап, сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.

Жүргізуші есіңде сақта! Өзіңнің және жолаушыларыңның денсаулығы мен амандығы өзіңнің қолыңда.

Қуаныш ШОНЫШЕВ,

Махамбет АПБ Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT