Махамбет ауданында «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы басталды

Түнгі қаладағы балалар

25-28 қаңтар күндері аралығында Махамбет ауданы көлемінде Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Махамбет аудандық полиция бөлімі.

Мақсат – кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың алдын алу және болдырмау, оларға алкогольдi iшiмдiктер мен темекі өнімдерін сатуды, түнгі уақытта кәмелетке толмағандарлардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуын сонымен қатар, суық қаруды еркін алып жүруін болдырмау.

– Іс-шара барысында жасөспірімдер мен жастар арасында қару-жарақ пен үшкір-кесу заттарын алып жүру фактілерін анықтау, қоғамдық тәртіпті топтық бұзудың ықтимал жолын кесу үшін қоғамдық орындарда және көшелерде түнгі рейдтік жұмыстар ұйымдастырылады,- дейді Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ж.Ділмағамбетова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521