Махамбет ауданындағы «Жауқазын» бөбекжай-балабақшасында әдіскер Ақжүніс Каримованың ұйымдастыруымен әдістемелік-бірлестік отырысы өтті.
«Оқы және өзгеге ұсын» атты буккроссинг жобасының мақсаты – әріптестер арасында кітап оқуды насихаттау, рухани мәдениетті көтеру. Ереже қарапайым – әр оқырман үй кітапханасындағы сүйікті кітаптарын бір-бірімен алмаса отырып, бірнеше кітапты оқып шығу. Әр кітапты оқуға 2 апта уақыт беріледі. Оқылған шығармаларға байланысты жыл соңында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылмақшы.
– «Артық ғылым кітапта» деп Абай атамыз айтқандай, өркениет көшінен қалмаудың басты қағидасы – оқу, білім алу, іздену. Білім беру бағдарламасында көрсетілгендей, балалардың кітапқа қызығушылығын оятуды балабақша тәрбиеленушілерінен бастау алдық. Тәрбиешілер бүлдіршінді жаңа кітаптармен қызықтырып, оқып бере отырып, қызықты ертегілерді таныстырып, өлеңдер жаттатуда. Осы үрдісті өзімізде жаңғыртып, балабақша ұжымы болып қолға алдық,- дейді А.Каримова.
Қ.БАҒЫТ