Махамбет ауданында «Туған жерге – тағзым» атты жерлестер форумы өтті

Фото: Махамбет ауданы әкімдігі

Форумға 60-қа жуық кәсіпкер  қатысты.

Шара барысында аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев ауданда атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, алдағы жоспарлы жобаларды көпшілікке ұсынды. «Туған жерге – тағзым» жобасы аясында жерлес кәсіпкерлерді ауданның дамуына үлес қосып, елдің тұрақты экономикалық кеңістігін қалыптастыруға шақырды.

Кәсіпкерлер Б.Ғабдуллин, Г.Джумагалиева, Е.Андашев ұсыныстарға қолдау көрсетіп, туған жерді көркейтуге өз үлестерін қосатындарын айтты.

«Туған жерге – тағзым» жобасы аясында Махамбет ауданының әкімдігі мен кәсіпкерлері арасында балаларға арналған ойын алаңдары, кіші аяқ доп алаңы , хоккей алаңы, бассейн алаңын , қонақ үй ,  балалар аттракциондық паркін салу сынды өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT