Махамбет ауданында «Таза су айдыны» акциясы биыл да ұйымшылдықпен өтті

Былтырғы жылдың тазалық айлығын қорытындылау бойынша өткен жиын барысында аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов: "Бізді қатты қынжылтатын жағдай – Жайықтың жағасы.

Қаншама рет сенбілік жасасақ та дәл сол жер, дәл сол үйдің тұсы қайтадан ластанады. Нәтиже көңіл көншітпейді. Жайық жағасының тазалығына баса назар аударуымыз керек" деген болатын.

s

Осы бағытта дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Таза су айдыны» акциясы биыл да Махамбет ауданында ұйымшылдықпен өтуде. Аталған бір айлық акцияны аудандық балық қорғау инспекциясы бөлімі жергілікті атқарушы органдармен өзара бірлескен жағдайда ұйымдастырып келеді.

s

Балық қорғау инпекциясына Жайық өзенінің 250 шақырымының, сондай-ақ 18 көл айдындарының тазалығын бақылау, қорғау шарасын ұйымдастыру жүктелген. Акция барысында балық қорғау инспекциясы қызметкерлері Жайық жағасын тазалаумен бірге, кемемен су айдынында жүріп, иесіз құрылған аулардан тазартты.

s

s

Сонымен қатар, бүгін "Таза жағалау" акциясы да ұйымдастырылғанын айта кету керек. Бұл акцияға ауыл тұрғындары, әкім аппаратының, дербес бөлімдердің қызметкерлері және еріктілер қатысты.

s

j

Осылайша, туған жердің тазалығына бей-жай қарамайтын 100-ге жуық белсенді Жайық өзені мен көл айдындарының жағалауларындағы қоқыстарды жинап, арнайы қапшықтарға салып, тиісті полигонға жеткізу жұмыстарын жүргізді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT