Ауылымызда «SulMart» дүкендер желісінің тағы бір шағынмаркеті ашылды.
Бұған дейін де кәсіпкерлік салада біраз тәджірибесі бар Ғалымбек Сүлейменов енді халыққа қолжетімді азық-түлік сатуды қолға алды. Кең, жарық ғимараттың орналасқан жері де халыққа қолайлы.
Шағынмаркетте азық-түліктің барлық түрі, канцелярия тауарлар, үйге қажетті тұрмыстық заттар, балалар тағамының түрлі ассортименттері қойылған. Әзірге кәсіпкер екі ауысыммен 6 адамды жұмыспен қамтығалы отыр. Алға қарай «SulMart» маркасымен өзіміз дайындаған, халал жартылай фабрикатталған өнімдері, ыстық наны да күнбе күн сөрелерден табылады.
”Біз қашанда махамбеттіктердің сұранысын орындап, нарықта өз брендімізді қалыптастырғымыз келеді”,- дейді дүкен иесі Ғ. Сүлейменов
А.САТАЕВА