Махамбет ауданында «Саяна» шағынмаркеті ашылды

Бұл аудан көлемінде ашылып жатқан 8-сауда орталығы.

Кәсіпкер Жанаргүл Мырзагелдиева 2019 жылы шағын дүкенді жалға алып, өз кәсібін бастаған болатын. Пандемия кезінде аудан тұрғындарын, ауылдық округтердің шағын дүкендерін арзандатылған бағада азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етті. Саудасының ауқымы кеңейіп, тұрақты тұтынушылары көбейген соң, осы жылы «Банк Центр Кредит» және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы үш жақты келісім-шарт негізінде жеңілдетілген несие рәсімдеген. Тағы бір айта кетерлік жайт – «Кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба» шеңберінде несие пайызының үстемақысы субсидияланып, жаңа ғимаратты меншігіне алып отыр. Жаңа нысанның ашылу салтанатының лентасын аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев пен әулеттің үлкені Изат Жолдасов қиып, кәсіпкердің ісіне сәттілік тіледі.

sayana3110-2

- «Саяна» шағынмаркетін аудандағы ең арзан дүкен ретінде жақсы білеміз. Үнемі келіп сауда жасап тұрамыз. Бүгін қанатын жайып, шағынмаркет ретінде ашылып жатқанына қуаныштымыз. Иелеріне алдағы уақытта тек табыс тілейміз, деді ауыл тұрғыны Бақыт Қисметова.

Шағынмаркеттің ашылуына орай 5, 10, 20 мың теңгеден жоғары сауда жасаған 50 тұтынушыға арнайы сыйлық берілді. Бұған қоса әлеуметтік жағынан аз қамтылған 7 отбасыға азық-түлік пакеті табыс етілді. Айта кетейік, Махамбет ауданында жалпы 1639 жеке кәсіпкерлік субьект, 260 кәсіпкерлік объект, оның ішінде 90 азық-түлік дүкені тіркелген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT