Махамбет ауданында «Қолөнер дауысы-2022» фестиваль-байқауының алғашқы кезеңі өтті

«Өнерпаз» мәдениет үйінде «URPAQ» Қазақстан қолөнер Академиясы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Атырау облыстық фестиваль- байқауы өтті.

Байқаудың аудандық кезеңіне 18 жасқа дейінгі және одан жоғары қолөнершілер қатысты. Қатысушылар көрмеге ағаштан, табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарын, тоқу өнімдерін, киізден жасалған, тігін өнімдерін, сурет салу, мобилография, графикалық дизайн өнері, тоқыма және кестеленген бұйымдарын әкелді. Фестиваль-байқаудың ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев қатысып, байқауға келген өнерлі жандарға шығармашылық табыс тіледі.

d

Сарытоғай ауылынан келген Алиса Төлепова көрмеге бірінші рет қатысып отыр. Алиса ұлттық киім тігумен, ою-өрнекті кәжекей тігеді, тіпті өз қолымен жайнамаз бен таспих жасап, бесік жабдықтарына дейін дайындайды екен. Ал, Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің 7-сынып оқушысы Айзере Серік мектеп формасын өзі тігіп, түрлі аксессуарына дейін жасап алып келіпті. Осы мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Каримова болса, тоқылған персонаж гобеленін жасауды ұстазы Әділет Ермековадан үйірмеде меңгергенін айтады.

dastur12365

Айшагүл Нығметова бес оюлы камзол, қыз ұзатуға арналған ұлттық киімін, асық ойынына қажет фитрден жасаған бұйымдарын көрсетті. Қарлығаш Қабделова қолөнер отбасылық кәсіпке айналғанын, өзі көптен бері көйлектер, костюм тігетінін, жүннен ою-өрнек салатынын айтты. Бейбарыс ауылының тұрғыны Зина Қуанышқалиеваның киізден жасалған сүйретпе, байпақтарын келушілер сол бойда киіп қарап, қызығушылық танытты. Осы секілді қолөнершілер Жания Шауменова ұлттық киімдерін, Таңдай ауылының тұрғыны Жаңылсын Бимұқанова тоқыма бұйымдарын, ағаш шебері Наурызбек Сапаров сағаттың сан түрі, ағаш қобдишалар мен кәдесыйларын әкеліп, қонақтарды тамсандырды.

dastur5467

Ауданға белгілі ағаш шебері Орынғали Сариев те осы көрмеден табылды. Жалпы «Қолөнер дауысы-2022» фестиваль-байқауына 51 адам қатысуға өтініш білдірсе, соның 48-і келіп, бақ сынаған. Оқ бойы озып шыққан жүйріктер әр номинация бойынша марапатталды.

Сурет салу өнері номинациясы бойынша 1 орынға Орынғали Сариев, Құндызай Талғатова ие болса, жүлделі 2-орын Исатай Майемировке бұйырды. Жүлделі 3-орынға Светлана Бердігалиева тоқталды. Киіз өнімдері номинациясынан А. Есенжанқызы, З. Қуанышқалиева гран-при иегері атанса, 1 орын Қ. Қабделоваға, 2-орын А.Руфатқызына бұйырды.

dastur987

Тігін өнімдерінен жүлделі 1 орынды Ж. Шауменова, А. Серік жеңіп алса, 2-орын Ж. Қайырболатқа, Қ.Қабделоваға табысталды. Жүлделі 3-орынға Ж.Қадыржан ие болды. Ал гран-приге Алиса Төлепова лайық деп танлды.

Ағаш өнімдерінен жүлделі 1 орынды Е. Марат иемденсе, гран приді Н. Сапаров жеңіп алды. Жеңімпаздар енді фестивальдың облыстық кезеңіне жолдама алды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT