Махамбет ауданының жастары «Алтын ұя» екі күндік лагеріне қатысты

Біздің халқымыз қай заманда да өзінің тілімен, салт-дәстүрімен, өнерімен бай.

Жаз жайлауға, күз күзеуге, қыста қыстауға көшіп, жылдың әр мезгілінде тұрмысқа бейімделген қазақтың салт-дәстүрі сарқылмай күні бүгінге де жетті.

Дегенмен, техниканың оза шауып тұрған уақытында ұлттық құндылықтарымыз жастар арасында ұмыт болып бара жатқаны да жасырын емес.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі жариялаған мемлекеттік тапсырысы аясында «JARQYN BOLASHAQ» қоғамдық бірлестігі жастар арасында тиімді демалыс лагерін ұйымдастыруды қолға алды. Басты мақсат - оларды отбасылық өмірге бейімдеу және қазақ халқының дәстүрі мен тұрмыс-салт құндылықтарын дәріптеу болды. Осылайша, Бейбарыс ауылдық округіндегі «Ермағамбетов С» ша¬руа қожалығында «Алтын ұя» атауымен екі күндік лагерь болды.

248fa53e-b550-4764-8126-bba92cff3989

Демалыс барысында жастар халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлері дәріптеліп, тұрмыс- тіршілігі, ауыл тынысы танысты¬рылды. Қыз балалар сиыр сауу, тамақ әзірлеу сынды үй тірліктерін үйренсе, жігіттер мал союды қолға алды.

- Бейбарыс ауылдық окруігінің әкімі Тәттімбет Орынғалиұлы да жастармен тығыз байланыста болып, барынша көмегін, қолдауын білдірді. Сонымен қатар Таңдай ауылынан үлгілі отбасы, әкелер кеңесінің төрағасы Ерболат Сәкембайұлы мен жары Гүлмира Файызқызы қонаққа келді. Ұстаздарымыз жастарға өмірден түйгені мен өнегелі әңгімесін, ақылын айтып, батасын берді. Лагерьде жастар ұлтымыздың тұрмыс-тіршілігімен танысып қана қоймай, әртүрлі ойындар ойнап, ойларын ортаға салып, уақытты тиімді өткізді. Қазағымыздың дәстүрін ұмыт қылмай, келешек ұрпаққа дәріптеу жастардың, яғни біздің қолымызда,- дейді жоба ұйымдастырушысы, «JARQYN BOLASHAQ» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрай Сүйеуқызы.

dastur2356

Жоба қатысушысы, Ортақшыл ауылының жас ақыны Жайнар Ардаққызы лагерьден соң өз өлеңін арнады.

Көк пен жердің түйісетін мекені

Көкжиектің құдды өлшемі екі елі.

Мынау байтақ тыныш жатқан даламды

Құшағыма сыйғыза алсам не етеді?

Толғанбап ем көптен бері бұлай мың.

Мейірімі түсе салған Құдайдың,

Опасыздар келіп мынау жерімді

Ойрандаса қалай ғана шыдаймын?

Жүрегіме махаббатты сыйғызып,

Елжіреймін, бұл да бәлкім күй қызық.

Жасыл жерге көсіліп ап шалқамнан

Дидарымды алам күнге сүйгізіп.

Сені қалай тағы, қалқам, мақтайын,

Тыншы, жаным, көріскенше, Аққайың!

Қ.АЙТҚАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT