Халыққа жарық сыйлаған ұжым

Электр энергиясына -100 жыл.

Электр энергиясына -100 жыл.

Ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала – Қазақстан энергетикасы болып саналады. 1920 жылғы 22 желтоқсанда негізі қаланған еліміздің электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесiне 100 жыл толды. Осы мерейлі мереке қарсаңында аудандық «АтырауЖарық» АҚ ұжымымен кездесіп, тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан болатынбыз. Негізі 1964 жылы қаланған Махамбет аудандық электр жүйесі бүгінде облыстық «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамының филиалы болып саналады. Бастапқы жұмысын 5-6 маманмен бастаған мекемеде бүгінде 73 адам еңбек етеді. Үлкен ұжым «Атырау-Жарық» және «Атырауэнерго сату» деп екіге бөлінеді.

jaryq270121-6

«Атырау-Жарық» бөлімінде энергетика саласының нағыз қиындығын сезініп, қыстың аязына, жаздың ыстығына қарамай далада жүретін, халықты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету жолында тер төгетін электромонтерлер, электрослесарьлар және автотранспорт жүргізушілері еңбек етеді. Ал «Атырауэнерго сату» бөлімінде инженерлер, инспекторлар, бақылаушылар халыққа қызмет көрсетеді. Аудандық «Атырау-Жарық» АҚ-ына Исатай Мұхамбетқалиев басшылық етеді.

Қазақстан аумағыдағы алғашқы гидравликалық станса 1892 жылы салынды. ХХ ғасырдың басында республика аумағындағы барлық электр стансаларының қуаты 2,5 МВттан аспады. 1920 жылы Кеңес одағын электрлендіру жоспары қабылданды, оған Қазақстан Республикасы кірді. ХХ ғасырдың 30-жылдарына қарай Қазақ КСР-дегі электр стансаларының қуаты 12,5 МВт-қа жетті.

Бүгінгі таңда энергетиктердің қажырлы еңбегінің арқасында Қазақстанның жалпы энергетикалық қуаты 23 мың МВттан асады. 2020 жылы 105 млрд кВттан астам электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр. Оның 3 пайызы жаңартылатын энергия көздерінен алынады. Ауданның электр жүйесіне 2015 жылы күрделі реконструкция жасалды. 6300 кв қуаты бар трансфарматор 16 000 кв ауыстырылды. Құрал-жабдықтың барлығы жаңартылды. Соқаларды, жоғары кернеулі тоқтарды, трансфарматорларды ауыстыру жұмыстары жасалды. Бүгінгі ұжым алдыңғы буын ардагер ағалардың салып кеткен сара жолын жалғастырып келеді. 100 жылдық мерейтойға орай ұжымдағы көптеген әріптестеріміз марапатталды. Маған да «электр энергия саласына үлесін қосқан» медалі берілді, – дейді Исатай Қамиұлы бізбен әңгімесінде.

jaryq270121-1

Алғашқы еңбек жолын монтер болып бастап, кейін дежурный, мастер болып жұмыс жасап, соңғы 5 жылдан бері бас инженер қызметін атқарып келе жатқан Мереке Құмаров ауданда халықтың көбейіп, жаңадан үйлердің салынуына байланысты ұжым қызметкерлеріне де жүктелер міндет ұлғаятынын айтады.

-Аудан орталығының өзінен «Самал», «Шаттық», «Мерей» сынды шағын аудандар бой көтерді. Солардың барлығын жарықпен қамтамасыз ету біздің міндетіміз. Менің қарауымда 46 техникалық қызметкер бар. Бәріміз бірігіп, жұмыс жасаймыз. Күнделікті жоспарлы жұмыстардан бөлек апатты жағдай орын алған кездерде шапшаң қимылдауға тура келеді. Бір жерде тоқ үзілсе, алдымен кезекшілерге хабарлайды. Содан кейін арнайы қай жерден қалай сөнгені анықталады. Арнайы бригада жасақталып, жедел барып жөндеу жасайды,- дейді М. Ажханұлы.

jaryq270121-2

«Атырауэнерго сату» бөлімінің инженері Хасен Кенжеғалиев те осы саланың барық баспалдағынан өткен мамандардың бірі.

-2000 жылы Атырау политтехникалық колледжін бітіріп, жұмыспен қамту орталығы арқылы осы мекемеге келдім. Алғашында келісімі-шартпен бақылаушы болып жасадым. 2002 жылы оператор,2006 жылы инспектор болып ауыстым. 2011 жылдан инженер болып, қызмет етіп келемін. Энергия сату бөлімінің негізгі міндеті – берілген энергияның қаржысын жинау. Бөлімде 18 бақылаушы, 1 есепші, 1 жүргізуші, бас инженер, 1 техник бар. Біздің жұмысымыз ұрлық болдырмау, берілген электр энергиясының қаржысын халықтан уақытында жинап, төлеттіру. Әрбір айдың 5- де счет дайын тұрады. 1-нен 5-не дейін отчет тапсырамыз. 10-на дейін мекемеге және халыққа таратамыз. 10-нан 23-не дейін үйлері аралап, счетчиктерін тексеріп ұрлық болдырмау жағын қараймыз. 23- 28 аралығында көрсеткіштер аламыз. 28-нен бастап ақша жинаймыз. Бережақтармен жұмыс жасаймыз. Мекеменің бережағымен инспекторлар, жеке тұрғындардың бережағымен бақылаушылар айналысады, – дейді Хасен Қалиасқарұлы.

jaryq270121-3

Ауданның энергетикалық жүйесіне өз үлесін қосып, үздіксіз еңбек етіп жүрген сала мамандарының еңбегі өлшеусіз. Кәсіби білімі және қажырлы еңбегінің арқасында аудан тұрғындарын жарықпен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған энергетик еңбеккерлер қандай құрметке де лайық екені анық.

Б.СҮЙЕУОВА

Сурреттер архивтен

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT