Махамбет ауданында «Қауіпсіз дөңгелек» іс-шарасы өтуде

Қауіпсіз дөңгелек

Қаңтар айының 23-27 күндері аралығында Махамбет ауданы көлемінде «Қауіпсіз дөңгелек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді,-деп хабарлайды Махамбет аудандық полиция бөлімі.

Іс-шараның мақсаты – көлік жүргізушілерінің қысқы маусымда автокөлік дөңгелектерінің талапқа сәйкестігін тексеру, тас жолдарда жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу. Іс-шара полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының жол қауіпсіздігін арттыру бағытында жасақталған жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда.

Патрульдік полиция тобына берілген нұсқаулар:

– мас күйінде және жүргізу құқығынан айырылған азаматтардың көлік құралын басқаруын;

– жылдамдық режимі, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өтуін;

– көлік құралдарының қысқы уақыт кезінде маусымдық үлгідегі дөңгелектермен жүруін;

– жолаушылар мен ауыр салмақты жүктерді тасымалдауын;

– қоғамдық көлік жүргізушілерінің жолаушыларды тасымалдау тәртібін;

– қауіпсіздік белдіктерін пайдалануын және т.б. қағидаларының сақталуын бақылау.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT