Махамбет ауданына қарасты 4 ауылдық округтің әкімі тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ

“ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36, 37-баптарына, “ҚР мемлекеттік қызметі туралы” ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес Махамбет ауданы әкімінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №30 өкімімен Сұлтанов Ермұрат Өтегенұлы Бақсай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Сұлтанов Ермұрат Өтегенұлы 1976 жылы 5 қараша күні Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Тағайындалғанға дейін 2019 жылдың қараша айынан күні бүгінге дейін Атырау қаласы, Алмалы ауылдық округінің бас маманы қызметін атқарып келді.

ТАҒАЙЫНДАУ

Махамбет ауданы әкімінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №31 өкімімен Төлеген Алмас Ұзақбайұлы Есбол ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Төлеген Алмас Ұзақбайұлы 1974 жылы 20 наурызда Атырау облысы, Исатай ауданы, Новобогат селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Тағайындалғанға дейін 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры лауазымын атқарып келді.

ТАҒАЙЫНДАУ

Махамбет ауданы әкімінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы №34 өкімімен Зулхашев Сейлбек Шаудирович Бейбарыс ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Зулхашев Сейлбек Шаудирович 1991 жылы 30 маусымда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Тағайындалғанға дейін 2021 жылдың 1 қарашадан бастап ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау қалалық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымын атқарып келді.

ТАҒАЙЫНДАУ

Махамбет ауданы әкімінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы №35 өкімімен Әженов Руслан Болатұлы Махамбет ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Әженов Руслан Болатұлы 1983 жылы 25 тамызда Гурьев облысы, Махамбет ауданы Махамбет селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Тағайындалғанға дейін 2016 жылғы 30-шы қазанынан бастап «AMANAT» партиясы Махамбет аудандық филиалының Атқарушы хатшысы лауазымын атқарып келді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521