Махамбет ауданында «Пробация» іс-шарасы өткізілуде

Республикалық профилактикалық іс-шара өтуде.

Ағымдағы жылдың наурыз айының 15 мен 24-і аралығында Махамбет аудан аумағында «Пробация» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шара барысында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесімен бірлескен жоспар құрып, пробация қызметі тобының есебінде тұрған сотталғандар тексерілуде.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау үшін, тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру болып табылады.

Профилактикалық іс-шараның алғашқы күндері есептегі адамдарды жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе жұмыстануда. Осы шара барысында есепте тұрған барлық сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағдайы, нақты қайда және кіммен тұратыны, тіркелу орны, тұрғылықты жері болуы жіті анықталу үстінде.

А.МОЛДАШЕВА,

аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы,

әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT