Алға ауылында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде

Залалсыздандыру жұмыстарына қажетті құралдар әкімдік тарапынан бөлінген.

Әлемді аяғынан тік тұрғызған коронавирус инфекциясының таралуы кең етек алып, ауылдық жерлерге дейін жетуі – алаңдатарлық жағдай. Бірінші кезекте тазалыққа бас мән берілу керек, яғни дезинфекция жұмыстары қаншалықты жиі жүргізілсе, соншалықты аурудың өршуі бәсеңдері де белгілі.

d

Осы бағытта Махамбет ауданына қарасты Алға ауылдық округі бойынша кезекті ауылішілік нысандарды арнайы ерітіндімен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде мектеп, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, балабақша, су тазарту қондырғысы, балалар ойын алаңы және дүкендер залалсыздандырылуда.

d

«Дезинфекциялық жұмыстар аптасына бір жүргізіліп тұрады. Аудан әкімдігі барлық ауылдық округті залалсыздандыру жұмыстарына қажетті құралдармен, арнайы киіммен қамтамасыз етіп отыр. Біздер өз тарапымыздан дезинфекция жүргізетін адамды тағайындап, барлық санитарлық талаптарға сәйкес жұмыстар жасалуда. Індетті өршітпеу – өз қолымызда. Осы тұрғыда ауыл тұрғындарынан ескертпелерге құлақ асып, тәртіпке бағынуды, сабырлық сақтауды сұраймыз»,- дейді ауыл әкімі Расул Мусин.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз