Махамбет ауданында Көрісу күні аталып өтті

Махамбет ауданында қазақ халқы үшін жыл басы саналатын, қастерлі де қасиетті мейрам Амал мерекесі атап өтілді.

 Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев аудан тұрғындарымен қонақтарын Көрісу күнімен құттықтады.

-Бұл күн – адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін, өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысатын күні. Баршаңызды бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын! - Қ.Нұрлыбаев.

Аудан әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары ұлттық киімдерін киіп, бір-бірімен қол алысып көрісіп, бауырсақ, қымыз, шұбаттан ауыз тиді.

Шара барысында ұлттық өнер дәріптеліп, ұлттық киімдер насихатталып, ағайын арасындағы сыйластық нығая түсті. Ақсақалдар ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп ақ бата берсе, жастар жағы бірлікті нығайтқан шараның тереңдігін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз