Махамбетте кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайы тексерілді

Карантин режимінің талаптары жеңілдегенімен қоғамдық орындарға барған әр азамат жеке қорғаныш заттарын қолданып, санитарлық талаптарды бұзбағаны абзал

Өңірімізде карантин талаптары толық алынбаса да біршама жеңілдетіліп, тиісті кәсіпкерлік нысандарға жұмысын қайта бастауға рұқсат берілді. Алайда, санитарлық талаптарды сақтамаған жағдайда ірі көлемде айыппұл салынатындығы ескертілген болатын.

Осы бағытта Махамбет ауданында әкімдік жанынан құрылған мониторингтік топ өкілдері бірқатар нысандарды аралап, Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ж.Пазулов, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы С.Қабазова және «Атамекен» ҰКП, аудандық полиция, БАҚ қызметкерлерінен құралған топ аудан орталығындағы жұмысына қайта кіріскен сауда орындарын, сұлулық салондарын аралады. Алғаш бас сұққан «Айнара» сұлулық салонының иесі Жайнагүл Мырзагелдиеваның айтуынша, дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге арналған құралдар, санитайзер, бетперделер жеткілікті.

aisara190820

- Келушілерге алдын ала жазылу арқылы қызмет көресетіп отырмыз. Ал қайшы, тарақ секілді жұмысқа қажетті құралдарымызды арнайы құрылғыда залалсыздандырамыз. Бұл процедура әр келушіге қызмет көрсеткеннен кейін міндетті түрде жүргізіледі. Жасыратыны жоқ, кей жағдайда тұрғындар бетпердесін ұмытып кетіп жатады. Ондай кезде оларға өз тарапымыздан бетперде ұсынамыз,-дейді жеке кәсіпкер.

Кейін «Аққу», «Айгүл» сауда үйлеріне, «Гүл-Жан-Ай» киім дүкеніне келушілерге әлеуметтік қашықтық пен маскалық режиді сақтаудың маңыздылығы туралы түсінік берілді. «Гүл-Жан-Ай» киім дүкенінің басқа нысандардан ерекшелігі бұл жерде қызу өлшеуге арналған құрылғы бар.

ri-190820-5

Сол арқылы келушілерді дене қызуын өлшеп қана ішке кіргізеді. Одан бөлек, арақашықтықты сақтау үшін арнайы белгі қойылған. Сатушылардың медициналық бетперде, қолғап пайдалануы да тұрақты бақылауда.

r

Мониторингтік топ өкілдері сол күні кезекті түсіндіру жұмыстарын Жалғансай ауылында жалғастырды. Қазіргі уақытта ауылда төрт азық-түлік жұмыс жасайды. Топ өкілдері барған уақытта «Рашид» дүкені ғана ашық тұрған болса, «Айкен» дүкені жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша жабық тұрды.

jalgansai190820

- Қалған екі дүкен белгілі бір себептерге байланысты құлыптаулы болды. Ауыл әкімімен бірлескен жұмыс барысында ашық тұрған азық-түлік дүкенінің сатушысына санитарлық жағдайды қатаң ұстанып, тұтынушылардың маскалық режимді сақтау талабы қойылды. Алдағы уақытта аудандағы өзге ұйымдарда санитарлық талаптардың орындалуын жіті тексеруді жалғастыра береміз. Карантин режимінің талаптары жеңілдегенімен қоғамдық орындарға барған әр азамат жеке қорғаныш заттарын қолданып, санитарлық талаптарды бұзбағаны абзал,- дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы С.Қабазова.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT