Махамбет ауданында кәсіпкер әйелдердің жаңа жылдық балы өтті

Аудандық әкімдік , «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы, іскер әйелдер қауымдығы ұйымдастыруымен өткен жаңа жылдық  көңілді  кешті   Айдана Сүлейменова мен  Бұлан Нұрғалиев  жыр маржандарын төгілте жүргізді.

Кешті аудан әкімінің орынбасары  Света Ертілеуқызы ашып, барша кәсіпкер қыз-келіншектерді жаңа 2022 жылмен құттықтап,  толайым табыстар тіледі.  Шағын  және орта бизнесті дамытып, өз кәсібін дөңгелентіп отырған бір топ кәсіпкер  әйелдерді  аудан әкімі арнайы статуэткамен марапаттады.  Аудан әкімінің орынбасары  С.Аманшиева  алдымен кәсіпкерлер Қалыш Бекжанқызы, Ханшайым Ахметқызы, Роза Дүйсенбіқызы, Гульнар Хамитқызы, Шолпан Жексенқызы, Клара Махмутқызы, Мағрифа Саткангалиева, Сұлушаш Кайреденова, Злия Сағидоллақызы, Сара Қанатқызына арнайы статуэтка табысталды.  Аудан әкімінің алғыс хатына  кәсіпкерлер  Ақтолқын Молдабекова, Роза Түсекенова, Камшат Алиева, Мейрамгүл Дингилова, Алмагүл Телеуова ие болды.

7ff7585a-10a0-4d56-b719-84c116ead547

e8f6a38f-cf8c-47eb-a22b-ab580d54e5eb
Жаңа жыл мерекесімен  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы  Махамбет аудандық филиалы басшысы Болат Рахметов құттықтап,  нәсібінің артуын, берекелі болуын тіледі.   Бес кәсіпкерді «Атамекен» кәсәпкерлер палатасы  Атырау облыстық филиалының  алғыс хатымен марапаттады.  Атап айтсақ  кәсіпкерлер Дәмелі Қайыржанқызы, Амангүл  Берікқызы, Нұрсұлу Атамурадовна, Айгүл Қашымқызы, Гүлшат Бисешова аудан әкімі алғыс хатын алды. Өнерпаздар Қайрат Жұмашев, Гүлсая  Меңдігереевалар әсем әндер шырқап,  кеш меймандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.   

abd8f20c-aea8-42f5-b657-dc169f25aa70
Кеште сонымен қатар  кәсіпкерлердің қолдан тіккен қолөнер  бұйымдарын сату аукционы ұйымдастырылып, одан түскен қаражат Ақкенже есімді азамташаның ем-домына  аударылды.  Махамбеттік қыз-келіншектердің  қолынан  шыққан қол сөмкелері, бірнеше жастық тыстары,  бесбармақтың астына қоятын бұйымдары  сатылымға шықты.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521