«Біздің қолымыздан бәрі де келеді» атты «Өнерпаз» мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық фестиваль өтті.
Фестиваль шымылдығын Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ мекемесінің Махамбет ауданы бойынша сарапшысы Гүлмира Сембаева ашып, жиналғандарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, толайым табыстар, сәттілік тіледі.
Фестивальда мүмкіндігі шектеулі әншілер, көркемсөз оқу шеберлері, қолөнершілер, суретшілер өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, Ә.Габдуллинаның «Тәуелсіздік» монологын Сейітжан Құжырбаев мәнерлеп оқыды. Кеш сарапшылары аудандық жұмыс пен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық халактілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары А.Сейлова, З.Ещанова атындағы өнер мектебінің директоры Э.Еспусинова, ЖК «Даулет» директоры А.Жұмағұлова өз ойларымен бөлісіп, қатысушыларды диплом, сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар атыраулық кәсіпкер Н.Аманкелдіұлы І топ мүгедегі, әнші жігіт Тілек Ермұратқа қоларба сыйлады.
Демеушілер ЖК «Иманалин», ЖК «Аханов», ЖК «Даулет» басшылары, бала дәрігері Ә.Сабирова ортаға шығып, қатысушыларға өз сый-сияпаттарын ұсынды. «Ақжол» Махамбет мүгедектер қоғамдық бірлестігі төрағасы Қайдарбек Құрмашев барлық қатысушыларға, сарапшыларға ризашылығын білдіріп, бірлестік атынан алғыс хаттар тапсырды
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА